Жұлдызқұрт

Тақырыбы: Жұлдызқұрт

Мақсаты: 1. Балаларға  модульдік мүсіндеудің  дағдыларын түсіндіру.Бейнеден бірдей бірнеше модульдік (элементтер) бөлшектер жасауды үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,халық  өнеріне деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Жұмбақ:

Денесі буылтық,

Сырты жасылтүк. (Жұлдызқұрт)

-Балалар бүгін біз жұлдызқұрттың бейнесін жасаймыз.

V Жаңа сабақ

Жұлдызқұрттың мүсіндеудің технологиясын түсіндіру.Мүсінделген жұлдызқұртты көрсетіп,оны домлақ ермексаздан жасалатынын айтып, оған кесілген бөлігін орналастырады.

Ермексазды бөліп,оны алақанға салып,кішкентай домалақтар жасайды.

Сергіту сәті:   Ақ қояным тұршы

Беті-қолды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Ақ көйлегіңді киші

Сабаққа қарай баршы

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы

 

VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар  жұлдызқұрттың бейнесін жасайды.

 

VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Жұлдызқұрт қандай болады?

-Жұлдызқұрттың жасалу жолы қандай?

-Түсі қандай?

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау