Табиғат әсемдігі

Тақырыбы:  Табиғат әсемдігі

Мақсаты:      1.Балаларға табиғатты оның құбылыстарын айту,тірі және өлі табиғатты  таныстыру

2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту, табиғаттың сұлу көркіне қызығушылық сезімін арттыру .

3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа,табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме,серуендеу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар бүгін  біз табиғат әсемдігін тамашалаймыз.

V Жаңа сабақ

Оразақын Асқардың «Суретші» деген өлеңін оқу.Бағыттаушы   сұрақтар қою арқылы «тірі» және  «өлі» табиғаттың өзара байланысын түсіндіру.Күзде-шөптің қурауы,жапырақтың түсуі.Қыста-айналаны аппақ қар жапқан ,өзенді мұз басқан. Көктемде-жер көгеріп,өзендер сылдырлап ағады.Жазда-айнала қызыл-жасыл гүл,аспан шайдай ашық.

Әңгімелеу барысында оқушылардың теңеулерді (эпитет) қолдана білуіне көңіл аударылады. Мәселен:Жаңбырлы күз,жомарт күз, алтын күз,жалтыр мұз,ұлпа қар,жасыл көктем,жайдарлы жаз т.б.

 

Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатты жұмысқа

Алды допты қолына

Қойды допты орнына

Оңға қарады,солға қарады

Үлкен тау деп ойлады

 

 

Әліппе дәптермен жұмыс:  Е.Өтетілеуовтың «Күз», «Қыс», «Көктем», «Жаз»-өлеңін оқып беру.

VI Пысықтау

-Балалар табиғат нешеге бөлінеді ?

-тірі табиғатқа не ні жатқызамыз ?

-өлі табиғатқа ше ?

VII Бекіту

Әңгімеден кейін балаларды далаға алып шығып,өсімдіктерге,құстарға бақылау жасау.Айналаға қарап  табиғаттың ең көрікті жерін тамашалайды.Ол жерді неге ең көрікті жер екенін түсіндіреді.

 

 

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.