Еңбек ер атандырады

589

Тақырыбы: Еңбек ер атандырады

Мақсаты:      1Үлкендердің еңбектері туралы,жеңістің,жемістің бәрі еңбектің арқасында келетінін түсіндіру.

2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.

3.Мейірімділікке,еңбекқорлыққа,адалдыққа  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер,мамандықтың суретін көрсету.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме,

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар бүгін  біз «Еңбек ер атандырады» деген тақырыпта әңгімелесеміз.

V Жаңа сабақ

Сабақты С.Мәуленовтың «Елдің бәрі жұмыста»-деген өлеңінен бастау

Қарап тұрсаң,не керек

Елдің бәрі жұмыста.

Гүл сорады көбелек,

Дән тасиды құмырсқа

-Балалар суретте не бейнеленген?

-Адамдар немен айналысып жүр?

-Олар машинаның немесе көліктің қай түрімен жүұмыс жасап жүр?

-Не жинап жүр?

Балалар ауылдағы және қаладағы адамдардың еңбектері бейнеленген,Ауылдағы фермаларда малдарды,құстарды бағады оның етін  қаладағы базарларға саудаға,жүнін фабоикаларына апарады,Міне адамның қызу еңбегі.  Малдарға егіншілер шөп,бидай егеді.Ал тракторшы осы шөпті,жемді тасиды.

 

-Суреттегі тігіп отырған апай қандай мамандық иесі деп ойлайсың?

-Баланы тексеріп отырған тәтеші?

-Арнайы форма киген  ағалар?

Сергіту сәті:    Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің

VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

-Тігінші немен айналысады?

-Егінші не істейді?

-Тракторшы немен айналысады?

-Дәрігер қандай жұмыс істейді?

VII Бекіту

Мақал-мәтел: «Еңбек ер атандырады»

«Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей»

«Іздегеннің алдынан

Іздемей-ақ табылар»

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.