Құстардың-қысқы тіршілігі

1013

Тақырыбы: Құстардың-қысқы тіршілігі

Мақсаты:      1. Құстардың-қысқы тіршілігі жайлы  түсінік беру.

2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.

3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа,табиғаттың бір бөлігі құстарды  аялауға   тәрбиелеу.

Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Қазыр жылдың қай мезгілі?

-Қандай құстарды көріп жүрсің?

-Яғни бүгін қыста жүретін құстар жайлы өтеміз.

V Жаңа сабақ

Балалармен бірге құстардың қысқы тіршілігін бейнелейтін суреттерге қарап,олардың аттарын атайды.Білмесе өзім айтып беремін.Құстардың қысқы тіршілігі жайында әңгімелесеміз.Қыс мезгілінде құстардың тіршілігі қиындай түседі.Сондықтан адамдар оларға көмектесу керек.

-Құстарға қалай көмек беруге болады?

-Ағаш үстіне құстарға ұя жасау.Жем,нан қоқымдарын,кептірілген жемістерді үйшіктеріне тастау.

Сергіту сәті:

Ұшты-ұшты

Ағаш ұшты

Ұшты-ұшты

Торғай ұшты

Ұшты-ұшты… .

 

Т.Нұрмұханбетов «Тоңбайды»

Қатаң қыс келді де,

Түз-дала томпиды.

Тоңбайын деді де

Көл мұздан тон киді.

Үйрек пен қаздарға

Болмайды тон қайғы.

Бүлк етпей аязға

Мамықтан тоңбайды.

VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

-Суреттен қыстап қалатын құстарды көрсет.

-Құстарға қалай көмек беруге болады?

-«Тоңбайды»-өлеңінде не туралы айтылған?

VII Бекіту-Сонымен қандай тақырыпта әңгімелестік?

-Торғайдың суретін сал.

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.