Табиғатты қорғаудағы халық болжамдары

218

Тақырыбы: Табиғатты қорғаудағы халық болжамдары

Мақсаты:      1. Ауа райындағы  халық болжамдары жайлы  түсінік беру.

2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.

3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа,табиғаттың бір бөлігі құстарды  аялауға   тәрбиелеу.

Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

Балалар табиғатты қорғаудағы халық болжамдары туралы әңгімелесеміз.

V Жаңа сабақ

1.Қыс қалы болса-жаз жаңбырлы болады.

2.Қыс аязды болса-жаз ыстық болады.

3.Тұман түссе-күн жылынады.

4.Мысық жылы жерді паналаса-аяз болады

5.Аспанда жұлдыз көп болса-қыс ұзақ болады.

6.Сары шылшық ысқырса-шынымен күз болғаны.

7.Қайыңнан аққан шырын көп болса-жаз жаңбырлы болады.

8.Түтін аспанға тік көтерілсе-аяз болады.

Тыйым сөздер:

Гүлді үзбе,Көкті таптама,

Құмырсқаның илеуін бұзба,

Құстың ұясын бұзба,Құстың баласына тиіспе қарғысына қаласың

Көк шөпті жұлма-көктей соласың.Судың да сұрауы бар,бекер шашпа,

Бұлақты ластама,қайта көзін аш.Жалғыз ағашты кеспе.

Ақбөкенді атпа.Кірдің суын жолға төкпе.

 

Сергіту сәті: Табиғатты сүйеміз

Қанат жаям жалма –жан

Иіліп келіп қол созам

Аяғымның ұшына

 

VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

-Қазір жылдың қай иезгілі?

-Биылғы қыс қандай болды?

-Аязды,суық

-Жаз қандай болады деп ойлайсыңдар?

-Ыстық

VII Бекіту

-Балалар сонымен қандай тақырып өттік?

-Табиғат жайлы қандай халық болжамдары бар екен?

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.