Қазақстан ортақ үйіміз

284

Тақырыбы:  Қазақстан ортақ үйіміз

Мақсаты:      1.Қазақстандағы ұлт өкілдері  ,олардың   мерекелері   мен тағамдары,ұлттық киімдері және  қолөнер туындылары жайлы   мағлұмат беру.

2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.

3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар бүгін еліміздегі  ұлт өкілдері және ортақ үйіміз Қазақстан жайлы мағлұмат аламыз.

V Жаңа сабақ

-Балалар біздің отанымыз қай мемелекет ?

-Қазақстан

Қазақстанда балалар көп ұлт-өкілдері тұрады екен.Атап айтсақ: қазақ,орыс,ұйғыр,түрік,өзбек,дүнген т.б.

Олардың өз тілдері,өздерінің ұлттық киімдері,тағамдары,мейрамдары қолөнер туындылары бар . Оның ортақ үйі-Қазақстан екенін айтып түсіндіру.Қазақ тілі мемлеккеттік тіл екенін айту.

Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатты жұмысқа

Алды допты қолына

Қойды допты орнына

Оңға қарады,солға қарады

Үлкен тау деп ойлады

Әліппе дәптермен жұмыс:

«Ағайынбыз бәріміз»

Жақсылыққа бақытқа

Талпынған әр уақытта

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын екі тосқауыл

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша-бау

Болсын мәңгі ту да ортақ,

Ақпыз,қара,сарымыз

Ағайынбыз бәріміз

Ә.Дүйсенбиев                                                                                                     VI Пысықтау

-Қазақстан республикасының мейрамдарын ата.

VII Бекіту

-Ортақ үйімізҚазақстанда достығымыз жарасқан ел екенімізді айтып түсіндіру.

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.