Су- өмірдің нәрі

Тақырыбы: Су- өмірдің нәрі

Мақсаты:      1.Су тіршілік көзі,оның табиғатта болатын орындары жайлы  түсінік беру.

2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.

3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа,табиғатты аялауға   тәрбиелеу.

Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:

 

I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар шөлдегенде не керек?

-Су  тағы не үшін керек?

-Балалар су және оның қасиеті жайлы  әңгімелесеміз.

V Жаңа сабақ

Сусыз тіршілік жоқ.

Сумен адамдар тамақ пісіреді,шай қайнатады.Кір жуғанда,ыдыс жуғанда, моншаға шомылғанда-жалпы бір сөзбен айтқанда су тазалық кепілі,міне сондықтан сусыз тіршілік жоқ деп бекер айтпайды.Ол табиғаттың бір бөлігі.Сондықтан суды ысырап қылмай,шашпай,төкпей үнемдеп  ұстау керек.

Судың табиғатта өз орындары болады.

Олар: мұхиттарда,теңіздерде,өзендер мен көлдерде.

Жер бетінің көп бөлігін мұхиттар,теңіздер,өзендер мен көлдер алып жатыр.Оны біз глобустар көруімізге болады.

Жер бетіндегі сулардың барлығын ішуге бола ма?

Мұхиттар мен теңіздердің кейбір өзендердің сулары ащы болғандықтан оны ішуге болмайды.Бірақ онда тіршілік бар.Онда балықтар т.б. тіршілік иелері өмір сүреді.

Әліппе дәптер:Ө.Ақыпбекұлы «Сарқырама»

Сергіту сәті:Су бетінде қайықпен жүздім

Қайықтан секіріп жағаға өзім жүздім

 

VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

-Тіршілік нәрі,тазалық әрі

-Судың түсі қандай?

-Судың адам үшін қандай маңызы бар?

VII Бекіту

Мақал-мәтел:

*Судың да сұрауы бар

*Сулы жер-нулы жер

*Су бар жерде тіршілік бар

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.