Күздің белгілері

114

Пәні:Көркем әдебиет

Тақырыбы: Күздің белгілері

Мақсаты:      1.Күз мезгілі туралы алған түсініктерін кеңейту.Балаларды күздің сыйымен таныстыру.

2.Сана-сезімін,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Табиғатты қорғауға,өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауға  тәрбиелеу

Көрнекілігі:күз мезгілі бейнеленген  суреттер.

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер: алтын күз,күздің сыйы,береке,байлық

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Ендеше бүгін күз мезгілінің белгілерін анықтаймыз.

V Жаңа сабақ

Алтын күз  туралы әңгіме жүргізу.Күзді неліктен алтынға теңейтіндігі айтылады.

-Күз мезгілі бізге қандай сый береді?

-Қырманда қандай еңбек жүргізіледі?

Сурет бойынша әңгіме.

Сергіту сәті: Жаңбыр,жаңбыр,жауасың,

Жанымызға дауасың.

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасың ауасын.

Жұмбақ шешу: Қақпаны тарс-тарс жабады

Терезені қағады.

Уілдейді ысқырып,

Қорқытады баланы.        (Жел)

 

Аспаннан домалап

Көп моншақ төгілді.

Бусанды бар алап,

Терілді,келді.                       (Жаңбыр)

VI Бекіту

Ойын: «Күздің сыйы» Көкөністер мен жемістердің суреттері ілінеді.

Мысалы: алманың суретін алған бала «алма» сөзін қатыстырып,сөйлем құрастырады.Оның пайдасын айтады.

VII Қорыту

-Күз мезгілін неге халқымыз ырыс-береке деп атаған?

-Күз мезгіліндегі дәрумендерді ата.

-Күз мезгілі саған несімен ұнайды?

 

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.