«Қаңтар мен ақпан» ертегісі

95

Тақырыбы: «Қаңтар мен ақпан» ертегісі

Мақсаты:      1. Ертегіні оқып,мазмұнын түсіндіру

2.Ертегіні балалардың өздеріне айтқызу арқылы сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін  дамыту.

  1. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қыс мезгілі туралы суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер:

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-«Аязды қыс» әнін айтып,өлең мазмұнына сай қимылдарды орындайды.

-«Қаңтар мен Ақпан» ертегісін өтеміз.

V Жаңа сабақ

«Қаңтар мен Ақпан» ертегісін оқып,мазмұнын айтып беру.Оқушылардан түсінгенін сұрау.

-Ақпан терезеден нені көрді?

-Қаңтар әрекетін баянда.

Сергіту сәті:Боран соғар оң жақтан

Боран соғар сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтер қолғаптан

VI Бекіту

«Екі аяз» ойыны

Ойнау тәсілі:

Залдың бір жағына ойнаушылар тұрады.Екі бастаушы алаңның ортасында ойнаушыларға қарама-қарсы тұрады да өлең айтады.

Ағайынды екі Аязбыз,

Қорықпаймыз ешкімнен,

Мен-Аяз қызыл мұрын,

Мен-Аяз көк мұрын.

Кім бізге бөгет болады,

Оларды  жолға жолатпаймыз.

Балалар бірдей жауап береді.

-Қорықпаймыз аяздан.

Аяздан да мықтымыз.

Содан кейін залдың бір жағына жүгіреді.Аяздар оларды ұстауға тырысады.Аяздар ұстаған балалар бір орында тұрады.Оларды қолдарынан ұстап тірілтіп алуға болады.

 

VII Қорыту

— Ертегі ұнады ма?

-«Екі аяз» ойыны қызықты ма?

-Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.