Жаңа жыл келді!

77

Тақырыбы: Жаңа жыл келді!

Мақсаты:      1.Қыс мезгіліндегі ең ерекше мереке жаңа жыл екенін түсіндіру.

2.Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін  дамыту.

  1. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қыс мезгілі,жаңа  жыл мерекесіне арналған  суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер: ұзын бойлы,аумағы,инесі,жұпар иісі,орнаған,бүрсиіп

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Адамдар жаңа жылды неге асыға күтеді?

-Жаңа жылда қандай тілектер айтылады?

Балалар жауабы:

-Жаңа жылда бір жасқа үлкейеміз.

-Армандарымыз орындалады

-Ескі жылда бітірмеген істерімізді,жаңа жылда аяқтаймыз.

-Жақсы тілектер айтылады.

— «Бүгін жаңа жыл келді !»-деген тақырыпта әңгімелесеміз.

V Жаңа сабақ

-Сурет бойынша әңгімелесу:

-Жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Қыс туралы өлеңдер білесіңдер ме?

-Қыс мезгілінде қандай мерекелерді атап өтеміз?

-Ендеше осы берілген сурет бойынша әңгіме құрастырамыз.(1-2 баланың әңгімесін тыңдау).

Қыс келді.Балалар шана ойнап жүр.Ағаштар ақ қырауға оранып,әдемі болып тұр.Балалар жаңа жыл мерекесіне дайындалды.Мереке қызық өтті.

Сергіту сәті:

Музыка әуенімен ақша ққалықтап билейді,саз әуенімен бірге қимыл жасайды.ардай

VI Бекіту

Жұмбақ шешу: Жасыл ине киемін

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласақ,

Төріндемін үйінің

(Шырша)

VII Қорыту

-Балалар қандай тақырып өттік?

-Биыл қандай жаңа жыл енді?

-Ұлу деген немене?

-Ұлу қайда жүреді?

-Сурет бойынша қандай әңгіме айттық?

 

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы