Кел ойланайық

59

Тақырыбы: Кел ойланайық

Мақсаты:      1. Сөзжұмбақтың сыры,балаларды жан-жақты дамытудағы орнын түсіндіру.

2.Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін  дамыту.

  1. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қыс мезгілі,жаңа  жыл мерекесіне арналған  суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар  мен казір тапсырмалар беремін,ойланып маған жауап қайтарасыңдар.

V Жаңа сабақ

Балалар кірпігімізді түсіріп,көзімізді жұмсақ: аспанда аппақ бұлттар қалқиды.Сол ақ мамық бұлттарға жайғасайық.Аяқ,қол,денеміздің аппақ мамық бұлтқа жайғасқанын сезініп көрейікші.Ақша бұлттар көтеріле-көтеріле жарқыраған жұлдыздарға да жетті.Сенің айналаңда өзінің нұрын шашқан жұлдыздар жарқырайды.Олар сені қуана қарсы алады.Бір жұлдыз келіп сенің кішкентай алақаныңа қонды. Сен онымен сөйлесе де,тілдесе де аласың.Өздерің туралы не айтқыларың келеді?Жұлдыздармен қоштасайық.Ойларыңды еркін айтыңдар.

Кіріспе.Жұмбақтар шешу:

Мамықтай ұлпа,                                  Таңертең бар,кешке жоқ

Қанттай аппақ,                                     Кеш түгіл, түсте жоқ

Қыста жер бетін басады,                     Мен әдемі моншақпын.

Жазда сайға қашады. (Қар)                Әрі елеспін ұсақпын (Шық)

 

 

Тікен,тікен,тік біткен.                                 Жүгірсе де шаңы жоқ

Қысы,жазы бір түсте (Шырша)                   Тоқтай алар әлі  жоқ  (Қаңбақ)

 

 

Қыс айында,мұз айдында                             Мейіріммен сүйеді ол бар адамды

Жүгірсе зыр етеді.                                         Өзіне жаратпайды қарағанды (Күн)

Бір адамды екеуара

Көтеріп ап кетеді.  (Коньки)

Сергіту сәті:

Музыка әуенімен ақша ққалықтап билейді,саз әуенімен бірге қимыл жасайды.ардай

VI Бекіту

Ойын:«Кім білгір»

Шарты: А дыбысынан басталатын сөздер айт т.с.с.

VII Қорыту

-Балалар қандай тақырып өттік?

 

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы