Кел тыңдайық ертегі

120

Тақырыбы:  Кел тыңдайық ертегі

Мақсаты:      1.Көптеген қазақ ертегілерінің сан ғасырлық таңғажайып сырлароын түсіндіру.

2.Сана-сезімін,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Ел қамын ойлайтын ақылдылыққа,шыншылдыққа,батырлыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі:     Ертегі кейіпкерлерінің суреттері

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

  1. Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

2.Балалар Ертегілер еліне саяхат жасап,ертегі тыңдаймыз,

V Жаңа сабақ

3.Ойын:Жүрдек пойызбен саяхатқа шығамыз, аялдамаларда ертегі кейіпкерлері қойылған.Сол бойынша қандай ертегі екенін табу.

  1. «Адасқан құмырсқа»ертегісін оқып беру.

5.Сұрақтар мен тапсырмалалармен жұмыс

-Ертегілер халық ауыз әдебиетінен мол орын алатынжәне жазу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған әңгіменің түрі.Ертегіде халықтың ой-арманы,әдет-ғұрпы,арман мұраты әңгімеленеді.Қазақ ертегілері былай басталады:

Бар екен де,жоқ екен,

Аш екен де,тоқ екен…

Ерте,ерте,ерте екен

Ешкі жүні келте екен.

-Қазақ ертегілерінің ішінде хайуанаттар туралы маңызды орын алады.Кәне, жануарлар туралы қандай ертегі естідіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар.Мәселен түлкі қанша айлакер, қу долғаныменұтылып қалатын кездері болады.Ертегіде жануарлар бейнесін суреттей отырып,соларға ұқсас адамдардың іс-әрекеттерін баяндайды.Сөйтіп ертегі бізді өмірде түлкі сияқты қу,арам болмауға үйретеді.

Сергіту сәті:   Кел,балалар,тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Шаңырақты көтеріп

Керегені құрайық

Уықтарша иіліп

Шаңыраққа қосылып,

Қазақ үйді құрайық.

Балаларға «Адасқан құмырсқа» ертегісін оқып беру.(Ертегі оқылып,мазмұнын ашу.)

VI Бекіту

-Ертегі кейіпкерлерін атаңдар.

-Құмырсқа кімге өкпелеп кетіп қалады?

-Кімдерді көмекке шақырады?

-Кімдер көмекке келеді?

VII Қорыту

Достық туралы мақал-мәтел айту:

«Бірлік түбі тірлікте», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Бейбіт елде береке бар»,т.б.

 

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.