Қош, балбұлағым — бастауыш

70

Қош, балбұлағым  — бастауыш

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қадірлі ата-аналар және

Тәуелсіз еліміздің бастауыш түлектері

Білім негізі бастауышта қаланады.Бала үлкен өмірге қадамды бастауыштан бастайды  Ол барлық мамандықтың баспалдағы. Бүгін сіздердің алдарыңызға тарыдай болып келіп,таудай болып  шыққалы отырған, әріптен әлем таныған кешегі балақайлар,бастауышпен қоштасқалы отырған «Қош,балбұлағым-бастауыш »  атты бастауыш мектеппен қоштасу ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Жүргізуші :         Ертеңгілігіміздің ашылу салтанатына арналған құттықтау

сөз  мектеп дирерторы С.Жексенбайқызына беріледі.

Жүргізуші :

Адамның қанша жасқа келсе де еске алудан жалықпайтын керемет бір кезі-балалық  шағы.  Тазалық пен  табиғилықтан тұратын осы балалық мектеп қабырғасында өтеді.

Жасқана кірген балақандарды қыз-жігіт етіп шығаратын осы киелі шаңырақ білім шаңырағында өмір бойы естен кетпейтін сәттерге қоса ,оң-солды танытқан,ой-арманыңды алысқа жетелейтін қимас жандар-ұстаздар болады. Міне,сендер бүгін осы мектеп қабырғасында 4 жыл бастауыш мектепте оқып, бастауышпен қоштасып,орта буынға аяқ басқалы отырсыңдар. Енді,сол өткен балалық шағымызды бейне сурет арқылы тамашалап, естерімізге түсірейік.

 

жүргізуші :   Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Ән мен жырға көңіл қойып,ұстаздарым, сал құлақ.

Кеше сәби,бүгін міне жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың шамшырақ  —

деп бастауышпен қоштасатын оқушыларды шақырамыз.

 

Жүргізуші :      Дилназым биші, жан-жақты,

Ата-анасына ардақты.

Көзінен нұры шашылған,

Заңғарым менің салмақты.

 

Мерлан, спорт ашсын деймін жолыңды,

Футболист боп  ойната бер добыңды

Сұлу әрі көп оқитын  Гүлайназ,

Мінезі де тал  бойына  қонымды.

 

Меруертім,басшы болған үлгілі,

Сыныбымның оза шапқан дүлдүлі

Қуанышбек тиянақты, ақылды,

Сыныбында сыйластықпен белгілі.

 

 

Әсем қыз Дилназым да өсті бүгін,

Жақсы оқып,ұсынды білім гүлін.

Әлихан да жігіт боп,қолқанат боп,

Еңбекпен өткізеді әрбір күнін.

 

Білімді қыз Ақгүлім,

Таси берсін  бақ,нұрың.

Ерке,сырбаз, Арсенім

Болдың ойлы, сақ бүгін.

 

Біліміңмен самғағын,

Жаны жайсаң Арманым,

Ұқыпты да, жайлы қыз,

Айнарам биік талғамың.

 

Әлиім озат, айбатты,

Күрескер,күшті, қайратты.

Ақ-Баяным да білімді,

Өнерден тапты сай бақты.

 

Ойыншылдау менің Еркебұланым,

Көрсетеді әлі өнер бұлағын.

Асарымнан жайлы,көп сөз білмейтін,

Болашақта үміт күтіп  тұрамын.

Деп  он алты балапанын баптаған,

Тәрбиелеп жан ұшырып жақтаған.

Бүгін Шолпан апайымның төртінші,

Түлектері орта буын аттаған

Жүргізуші :               би    «  Мектеп  вальсі »

 

Заңғар:                     Өзіңде өсіп көктедім.

Бақытқа міне, жеткенім.

Балалағымның куәсі  —

Сүйікті бастауыш мектебім.

 

Дилназ :                   Болам мен елімнің қыраны

Көгімде көк туым жыр әні

Қадамым басталды жаңарып

Бастауыш білімнің бұлағы.

Жүргізуші:                  ән:  « Мектебім »орындайтын Сүйеуғали Ақ-Баян

 

Мерлан :                    Тәрбие білімді жалғаймын

Бүгін мен есейген жандаймын

Қош бол,бастауыш мектебім

Мен енді биікке самғаймын.

 

Гүлайназ:                    Бір өтті өзіңмен қыс-жазым

Апайым өзіңе ұқсадым.

Әлі есте әріппен танытқан

Қош бол, алғашқы ұстазым.

 

Жүргізуші :                  Хор :  «Ұстазым менің »

 

Арсен :                          Бүгін мен керемет күйдемін,

Орыстың тілін де  үйрендім

Зайтуна апайым әрдайым,

Мен сені ұлың боп сүйгенмін.

Әлихан  :                      Даланың гүлдерін жиямын,

Алысты аңсайды қиялым.

Аягөз апайым  шет тілін

Үйреткен ардақты мұғалім

 

Жүргізуші:                     би:   «Испан қызы»

 

Қуанышбек                   Есімде кешегі кездерім

Білмеймін әсерін өзгенің

Ұстазым жанашыр жанымда

Қатемді жасаған сезбедім.

Меруерт :                     Әлі де көп сенің өткенің ,

Ұстазбен көгеріп көктемің

Бағымның бастауы өзіңсің

Қош бол сүйікті,

Қош бол қымбатты,

Хормен                         Балбұлақ, Бастауыш мектебім.

 

Жүргізуші:                    ән  : « Мектебім » Сарсенгазиева Гүлайназ

Шапигатова  Меруерт

 

Арман  :                       Ұстазым ол қамқоры баланың

Ұстаз ол иесі даланың

Білім мен тәрбие сен бердің

Әлі де көп сенен аларым

Айнара :                       Өзіңмен өмірді танығам

Ізгілік тек сенде дарыған

Балдырған  кезімнен  баулыдың

 

 

 

 

 

 

Ұстазым мен сені сағынам.                                              Ақгүл :                           Өзіңмен өмірді танығам,

Ізгілік тек сенде дарыған.

Шолпан апайым,әр сәтте,

Ұмытпай,мен сені сағынам.

 

Жүргізуші:                   ән  « Ұстазым»  орындайтын Сүйеуғали Ақ-Баян

Насибуллин Арсен

 

Дилназ:                       Тәрбие білімді жалғаймын

Бүгін мен есейген жандаймын.

Мэлс ағайым үйреткен

Әнімен биікке самғаймын.

Асар:                             Бір өткен  өзімңмен қыс-жазым,

Келеді бір сізге ұқсаған.

Спортты сүюді үйреткен

Жонас ағайдай ұстазым.

 

Жүргізуші        :                    би:  «Қара жорға»

 

Еркебұлан:                   Ұқтырған суреттің сан сырын

Салғызған гүл, ауыл, таң нұрын

Халық ағайға арналар

Жүректен алғысты жан жырым.

Әли:                              Қиындық көрмеңдер өмірде

Деп біздің нұр құйған көңілге.

Толғанай апайым ардақты

Сыйлаған мол білім,сенім де

Жүргізуші:                    « Корей биі» орындайтын      Ергалиева Д

Насипкалиев А.

Ақ-Баян:                      Бастауыш ол менің ұраным ,

Бастаыш  ол менің тұрағым.

Мәңгілік есімде қалатын

Мойныма тағатын тұмарым

Жүргізуші :             — дей келіп, алғаш әріп танытып,санауды үйреткен,

адамдықтың алғашқы баспалдағына аяқ бастырған

бастауышымен қоштасқалы отырған түлектермен

орта   буын туралы  ой бөліссек….

(Шолпан Құмарғалиқызының 2008-2009 жылғы түлектеріне

бүгінгі  түлектері  сұрақ қояды)

Ибат Әли.:  1 Алғаш орта буынға  ауысқан кездері қандай сезімде

болдыңыздар ?

Ақ-Баян :   2.Орта   буында кездескен алғашқы қиындықтарыңызбен

кіммен бөлістіңдер ?

Меруерт :   3. Шолпан апайымыздың 3-ші түлектері ретінде

4-ші түлектеріне берер ақыл-кеңестеріңіз?

Жүргізуші:       Қорытынды сөз оқу ісінің меңгерушісі

Айша Болатқызына беріледі.

Жүргізуші :     Ата-аналар атынан  Арман әжесі  Ырсай апайға беріледі.

 

 

 

Жүргізуші:     Сөз алғашқы ұстаздары Шолпан Құмарғалиқызына беріледі.

 

Ұстаз:                Өзімнің ұлым мен қызымдай болған шәкірттерім, мен

сендерді алдыңғы шәкірттерім сияқты ешқашан

ұмытпаймын. Мен үшін әрбір ұшқан түлектің  орны

жүрегімде өз орнын тапқан,қанша шәкірттерді ұшырсам да

сендер мәңгі алғашқы шәкірттерім болып қала бересіңдер

Құрметті ата-аналар,сіздер де маған көмекші болып,

әрбір іс-шараларға ат салысқандарыңыз үшін үлкен рахмет

айтамын. Балаларыңыздың бағына шомылып, ұрпақтарыңыз

мың жасасын.

 

Жүргізуші:       хор : « Біз дәуірдің түлегіміз»

соңғы жолын айтқанда 3-ші түлектер келеді.

 

Ұстаз:        Түлектерім, күтсін алда ақ таңдар,

Жаңа ортаға сенімменен аттаңдар.

Әр түлегім бір-біріңе қамқор боп,

Білімменнен үмітіңді  ақтаңдар.