Адам проблемасы

Тақырыбы: Адам проблемасы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Адамның проблемасы, аданың сипаты туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

  1. Адам мәселесі
  1. «Адам» ұғымы
  1. Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар
Аданың даму сатысыӨмір сүрген уақытыТабылған жері
Епті адам1 млн 750 мың жыл бұрынАфрика Кения жеріндегі Олдувайда
Питекантроп адам1 млн жыл бұрынЯва аралы
Синантроп адам500-200 мың жыл бұрынҚытайда
Неандерталь адам100-35 мың жыл бұрынГерманияда
Саналы адам40-35 мың жыл бұрынЕвропада

Адам мәселесі. Ғалымдардың жорамалдауынша, бұдан 40 мың жыл бұрын Жер бетінде алғашқы адамзат өкілі Homo sapiens («Саналы адам») пайда болған. Сол дәуірден қазірге дейінгі аралықта адамның Адам туралы, оның тегі, қызметі, өмірінің мәні, келешегі туралы ойланбаған кезі болмаған шығар. Кез келген саналы, зиялы қауым өкілінің де адам, қоғам және қоршаған орта туралы ой сараламайтыны кемде-кем. Сонау ежелгі дәуірден бергі ғүламалардың арасында да адам мен қоғам хақында азды-көпті өз тұжырымын айтпай кеткені жоқ деуге болады.

Адам мәселесімен: антропология, социология, этнология, педагогика, анатомия,физиология,  психология ғылымдары айналысады. Соның нәтижесінде адам мәселесі қазіргі ғылымда жан-жақты, біршама толық зерттелген тақырып деуге болады. Өйтсе де адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланысы мәселелері — қанша зерттесе де таусылмайтын, бір қырынан кейін екінші кыры көрініс беретін, бір құпиясын ашсаң, екіншісі алдыңнан көлденең тартылатын, сырлы да ғажап дүние. Осы бір тылсым дүниеге сапарымызды адамның табиғаты туралы бүгінгі ғылымның қол жеткізген тұжырымдарын саралаудан бастайық.

Адам туралы барлық ғылыми ұғымдар мен пайымдаулардың жиынтығы адам мәселесін құрайды. Олардың қатарында адамның табиғаты, адамның өмірі, адамды өзге жануарлар дүниесінен өзгешелейтін факторлар, адамның тәні, жаны, рухани дүниесі және олардың арасындагы байланыстар, адамның шығу тегі, қазіргі күйі, болашағы сияқты толып жатқан саралаулар мен түсініктер бар.

«Адам» үғымы. Материалистік бағытты ұстанатын зерттеушілер адамды өзге тіршілік иелерімен — жануарлармен (соның ішінде, маймылмен) генетикалық байланыста қарастырады. Адам жануарлардан еңбек құралдарын жасай алатындығымен, сөйлеу және ойлау қабілетімен жөне саналылығымен ерекшеленеді.

Адам—Жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған тірі, қоғамдық-тарихи қызмет пен мәдениет субъектісі, биоәлеуметтік мәнділік.

Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар. Адам ғасырлар бойы адамзаттың жинақтаган ілімінің бәрін өз бойына дарыта алады. Бұл дарыту мәдени дәстүрлермен қауышу және биологиялық тегіне тарту тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бала генетикалық ақпарат қорларын ми құрылымы, жүйке жүйесі және ата тегінен берілген қасиеттер арқылы иеленеді.

Адами сипаттарды меңгере отырып, сәби мәдениеттің болмысымен қауышады. Бұл қауышуда адамдардың сезімдері мен дүниеге қатынастары — көру, есту, иіскеу, сезіну, түйсіну, ойлау, елестету, толқу, тілек, қызмет, махаббат, бір сөзбен айтқанда, оның даралығының барлық тетіктері қатысады.

Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Ол — әлеуметтік жаратылыс. Адамды адам ететін бірден-бір күш — қоғам ғана.

Сабақты қорытындылау: Адамзат қаншалықты жетік дамыған сайын, білім, тәрбие беру және адамды тұлға ретінде қалыптастыру проблемалары да күрделілене береді. Құқықтың, моральдың, тұрмыстың тарихи қалыптаскан нормалары, ойлау және грамматика ережелері, эстетикалық талғам т.б. адамның тәртібі мен ақылын орнықтырады, жеке адамнан белгілі бір өмір салтының, мәдениеттің немесе психологияның өкілін қалыптастырады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 1