Қоғам ұғымы

140

Тақырыбы: Қоғам ұғымы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға қоғам ұғымы туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

  1. Қоғамды құраушы бөліктер.
  2. Қоғамдық қатынастар.
  1. Қоғамдық қатынастардың мазмұны

Бүкіл планетаға қатысты алып Карағанда, бұл ұғымды «адамзат қоғамы» деп айтамыз. Бұл жердегі жүздеген мемлекеттерде миллиардтаған адамның «Жер» деп аталатын аспан денесінде, бір планетаның өкілі ретінде бірігіп өмір сүруін, өзгелермен санасып тіршілік етуін, өзіндік өркениет жасауын білдіреді.

Қоғам дегеніміз — материалдық дүниенің бір бөлшегі ретіндегі адамдардың табиғатпен бір-бірімен өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып шығады.

Қоғамды құраушы бөліктер.

Қоғамдар қызметіне қарай толып жатқан өрекет түрлерімен — саясатпен, шаруашылықтың белгілі бір түрімен, саудамен, табиғатты қорғаумен, мәдени және рухани шаралармен айналысуы мүмкін. Барлық қоғамның әлеуметтік негізі, түпкілікті ұясы — отбасы болып табылады.

Қоғамдық қатынастар.

Әлеуметтік топтасулар арасындағы немесе адамдар арасындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастар қоғамдық қатынастар деп аталады.

Қоғамдық қатынастардың мазмұны. Мазмұнына қарай коғамдық қатынастар материалдық және рухани қатынастарға жіктеледі. Қоғам тіршілігіне қажеттінің бәрін табиғаттан алатын болғандықтан, ол қоршаған ортамен тығыз байланыста өмір сүреді. Материалдық игіліктер өндіру адам қоғамының өмір сүруі мен дамуының негізі болып табылады. Сондықтан өндірістік қатынастар саяси, құқықтық, адамгершілік, діни және басқа қатынастардың сипатына тура әсер етіп отырады.

Бағыты жағынан қоғамдық қатынастарды:

а) адам мен адам арасындағы;

ө) қоғам мен жеке адам арасындағы;

б)  қоғам мен коғам арасындағы;

в)   қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарға бөліп
қарастыруға болады.

Адамдар қауымдастықтарының ұлтқа дейінгі формалары. Қоғам көп қырлы, күрделі объект. Сондықтан оны зерттеу әдістері де алуан түрлі. Солардық бірі-адамдардың бірлесіп өмір сүруінің тарихи даму сатыларын қарастыру.

Адамдардың бірігіп өмір сүруінің тарихи формаларын: ұлтқа дейінгі және ұлт деп екіге жіктеп қарастыру қабылданған. Ұлтқа дейінгі қауымдастықтарға ру, тайпа, ұлыс жатады.

Ру—туыстық байланыстар арқылы топтасқан адамдар қауымдастығының өркениетке дейінгі экономикалық қатынастарға негізделген формасы. Ол ежелгі адамдардың экономикалық қатынастарын арқау ете отырып қалыптасады.

Тайпа — адамдар қауымдастығының рудан жоғарғы сатысы. Тайпаның түзілуіне рулық қатынастар негіз болды. Тайпаны да көсемдері, ақсақалдары басқарды, белгілі бір аумақты мекендеп, өздеріне тән кәсіппен шұғылданды, ортақ тілі, дәстүрлері болды. Мүліктік теңсіздіктің шығуы, ақсүйектердің халық бұқарасынан ажырауы, қолбасылар рөлінің артуы тайпаның ыдырауына себеп болды.

Ұлыс —адамдар қауымдастығының тайпадан кейінгі ұлттың түзілімінің алдындағы баспалдақта турған сатысы.

Ұлт — белгілі бір аумақты мекен еткен, өзіне тән шаруашылық жүргізу ерекшелігі бар, өзінің тарихи салт-дәстүрлері қалыптасқан, тілі, мәдениеті, ұттық психологиясы айшықтана көрініс беретін адамдар қауымдастығының орнықты формасы

Халық. Қазақстан халқы дегенде, біздің ойымызға республика аумағын мекен еткен қазақ ұлтының және одан өзге этностар мен диаспоралар өкілдерінің жиынтығы оралады.

Халық деп белгілі бір географиялық ортаға (әкімшілік бірлікте, мемлекетте, елде, елдер тобында, өңірде) тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығын айтамыз.

Бекіту кезеңі:

  1. Қоғамды тұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын қандай факторлар деп ойлайсыздар?
  2. Қоғам жөне оның құраушы бөліктері туралы түсініктеріңізді қысқаша тұжырымдаңыздар.

 

Сабақты қорытындылау: Бүкіл планетаға қатысты алып Карағанда, бұл ұғымды «адамзат қоғамы» деп айтамыз. Бұл жердегі жүздеген мемлекеттерде миллиардтаған адамның «Жер» деп аталатын аспан денесінде, бір планетаның өкілі ретінде бірігіп өмір сүруін, өзгелермен санасып тіршілік етуін, өзіндік өркениет жасауын білдіреді.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §7, 3-6 тапсырма