Экономикадағы адам факторы

98

Тақырыбы: Экономикадағы адам факторы

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Адам және нарық туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

  1. Материалдық игілік өндірудің түпкі мақсаты
  2. Еңбек нарқы, жалақы.
  3. Бизнес және кәсіпкерлік

Материалдық игілік өндірудің түпкі мақсаты. Адам әрқашанда дамудың және өндірісті жетілдірудің басты факторы болтан және бола береді. Ғылыми-техникалық прогрестің жетілуімен қоғамдық өндірістегі адамның орны, оның атқаратын қызметі үлкен өзгерістерге ұшырауда.

Адамның рөлі мен мәні оның өндірістегі дара фактор екендігімен, өндірістік және барлық өзге қоғамдық қатынастардың субъектісі болуымен айқындалады. Адам өндіріс құрал-жабдықтарын жасайды және сол арқылы оларды өндіргіш күштердің элементтеріне айналдырады. Сондықтан жұмыс күші өндіргіш күштердің ең бастысы болып қала береді.

Еңбек нарқы, жалақы. Нарық дегеніміз — сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттестігі. Егер еңбек деп аталатын арнайы тауар туралы сөз қозғасақ, нарықтың бұл анықтамасына өзгеріс енгізуге болар еді. Бұл жұмысшының толып жатқан қасиеттеріне — еңбекке белгілі деңгейде қабілеті болуына, ынтасына, өмірлік тәжірибесіне, психо — физиологиялық ерекшеліктеріне, сондай-ақ бірегей адамдық тұлға ретінде көрінуіне байланысты.

Еңбек аясы — қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірінің маңызды және көп қырлы саласы. Ол жұмыс күші нарығын да және оның қоғамдык өндірісте пайдаланылуын да қамтиды. Еңбек нарығында жұмыс күші өзінің құнын айқындайды, сонымен қатар, оның жалдану шарттары, соның ішінде еңбекақы көлемі, еңбек жағдайлары, білім алу мүмкіндігі, кәсіпқойлық өсу, шұғылданушылық кепілдік т.б. айқындалады.

Еңбекақы дегеніміз—кәсіпорын ұжымы кызметінің нәтижелеріне тәуелді болып келетін, жұмысшының сіңірген еңбегінің саны мен сапасына сай алатын сыйы.

Жалақының екі түрі бар: мерзімді және кесімді. Мерзімді жалақы тиісінше екі түрге бөлінеді. Олардың біріншісі — жай мерзімді жалақы. Жалақының бұл түрі белгілі бір мерзім ішінде жұмыс атқарғаны үшін айлықақы (оклад) немесе тарифтік ставка түрінде төленеді. Жалақы төлеудің бұл жүйесі кең таралмаған. Екіншісі — мерзімдік-сыйақы түріндегі жалақы. Бұл — жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы ретінде төленеді. Жалақының бұл түрі еңбек өнімділігін, өндіріс тиімділігін, жұмыстың және өнімнің сапасын арттыруга септігін тигізеді.

Жұмыссыздық. Жұмыссыздық нарықтық экономиканың ажырамас нышаны болып табылады. Жұмыс-сыздык деп экономикалық белсенді тұрғындардың уақытша жұмыспен шұғылданбауын айтамыз. Бұл құбылыстың себептері көп.

Біріншіден, жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгізу сияқты экономикадағы құрылымдық жылжулар артық жұмыс күшін қысқартуға итермелейді.

Екіншіден, экономикалық тоқырау немесе депрессия жұмыс берушілерді барлық ресурстарға, соның ішінде жұмыс күшіне де, қажеттілікті төмендетуге мәжбүр етеді.

Үшіншіден, еңбекке ақы төлеу жөніндегі мемлекет пен кәсіподақтардың жалақының төменгі деңгейін көтеруді талап еткен саясаты өндіріс шығынын арттырады және сонысымен жұмыс күшіне деген сұранысты азайтады.

Төртіншіден, экономиканың жекелеген салаларындағы маусымдық өзгерістер.

Бизнес және кәсіпкерлік. Бизнестің ең қарапайым айқындамасын осы терминнің өзінің этимологиясынан туындатуға болады. «Бизнес» сөзі ағылшын тілінен (business) аударғанда «іс» деген ұғымды білдіреді.

Алайда бизнес тек іс қана емес, бұл адамдар арасын­дагы немесе іске қатысушылар арасындагы іскерлік қатынастар. Іске қатыса отырып, адамдар іскер, екінші сөзбен айтқанда, бизнесші болып шығады.

Бизнес іскер адамдардың бәрін тартатын, олардың қызметтерін бір тұтастықка кіріктіретін жүйе ретінде көрініс береді.

Бизнес субъектілері:

  • өзінің тәуекелшілдігімен, экономикалық және заңды жауапкершілігімен іс-әрекетті бар ынтасымен жүзеге асырушы кәсіпкерлер;
  • кәсіпкерлер ұжымдары және кәсіпкерлер ассоциациялары;
  • жеке және ұжымдық тұтынушылар (кәсіпкерлер ұсынатын өнімді, жұмысты, қызметті), сонымен қоса, тұтынушылар одақтары мен ассоциациялары;
  • келісіммен немесе өзге негізде жалдану арқылы еңбек қызметін іске асыратын жұмыскерлер.

Бекіту кезеңі:

  • Адамның экономикадағы рөлін қалай түсінесіздер?
  • Еңбек ұғымына сипаттама беріңіздер.
  • Жалақының қандай түрлері бар, олар қалай тағайындалады?
  • Жұмыссыздық деген не,   оның  пайда   болу  себептерін атаңыздар.

Сабақты қорытындылау: Кәсіпкерлік деп кейбір адамдардың қоғамға қажетті тауарлар өндіру үрдісінде жерді, еңбекті және капиталды оңтайлы ұштастыра отырып, коммерциялық кәсіпорындар ұйымдастыру қабілеттерін айтамыз.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §15, 64-69 б.б.