Орта тапты қоғам

Тақырыбы: Орта тапты қоғам

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Орта тапты қоғам туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Әлеуметтік саясаттың мақсаты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты мақсаты — қоғамның әр мүшесін материалдық жағынан алаңсыз өмір сүретіндей деңгейде қамтамасыз ету болып табылады. Әр азамат өзінің қалыпты өмір сүруі мен денінің саулығына қажеттінің бәріне ие болуы керек. Олардың бастыларына жеткілікті мөлшердегі және жоғары кенеулі тамақ, замандастарынан кем түспейтін киім, жайлы баспана, жеке көлік, зиялы болса, шығармашылык жұмыс істеуге қажетті жабдықтар жатады.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының түпкілікті мақсаты — орта тапты қоғам құру. Республика экономикасы дағдарыстан шығып, орнықты даму жолына түскеннен бастап, орта тап өкілдерінің саны да артып, кірісі де молая беруі тиіс.

Орта тапты қоғам деп мүшелерінің басым көпшілігі белгілі бір деңгейде материалдық және рухани қамтамасыз етілген қоғамды айтамыз. Орта тапты қоғам құруды әлеуметтік нысана етіп алудың қисыны осыдан туындайды. Демек, ондай қоғамның әлеуметтік құрылымына қатысты басты шарт — орта тап ел тұрғындарының басым көпшілігін құрайтындай болуы керек. Таңдаған кәсібімен айналысуға, шығармашылық жұмыс істеуге, отбасымен бірге жоғары деңгейде өмір сүруге мүмкіндігі бар адам қоғамның іргетасын шайқалтатын бұқаралық наразылықтарға қосылмайды.

Орта тапты қоғам құрудың кепілі — шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені орта және шағын кәсіпкерлік мемлекет экономикасының негізі ғана емес, халықтың басым көпшілігін құрайтын ең қалың әлеуметтік қабат болып табылады.

Әлеуметтік мобилъділік ұғымы адамдардың қоғамда қалыптасқан таптар мен қабаттар жүйесінде еркін орын ауыстыруын білдіреді. Адамдар өмір бойы бір таптың немесе топтың тұрақты өкілі болып қала алмайды. Адамдар өмірінің өзгеруіне толып жатқан факторлар әсер етеді. Адамдар білім алады, мамандықтарын өзгертеді, мемлекеттік лауазымдарға ие болады. Соның нәтижесінде адамдардың әлеуметтік ортадағы мәртебесі өзгеріп отырады.

Әлеуметтік мобильділіктің тік (вертикаль) және көлденең (горизонталь) қозғалу бағыттары болады. Кедей адамның байып кетуі немесе байдың кедейленіп қалуы; жұмысшының оку орнын бітіріп, дипломды маман болуы, сонан кейін өкілетті органдардың депутаттығына сайлануы; лауазымды адамның жауапқа тартылып, істі болуы — мобильділіктің тігінен қозғалу бағыттарына жа­тады. Көлденең қозғалу бағытына белгілі бір тап немесе топ өкілінің бұрынғы табыс көлемін сақтап, сол әлеуметтік мәртебесінде қала отырып, мамандыгын немесе кәсібін өзгертуі жатады.

 

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 17