Қазақстан қоғамының ұлттық-этностық құрамы

Тақырыбы: Қазақстан қоғамының ұлттық-этностық құрамы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан қоғамының ұлттық-этностық құрамы туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:Автохтонды ұлт және диаспоралар. Саяси құрылуы жағынан унитарлы мемлекет болғанымен, Қазақстан аумағында жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрып, еңбек етеді. Солардың ішінде мемлекеттің ұйытқысы, елді біріктіруші және оның саяси-әлеуметтік мәртебесін айқындаушы фактор ретінде көрінетіні — қазақ халқы.

Қазақстан үшін қазақтар — автохтонды ұлт. Өйткені олар этногенетикалық аумақта тарихи қалыптасқан, ежелгі дәуірден бері осында тұрып, өмір сүріп келе жатқан халық.

Кеңес билігі жылдарында өз жерінде ұлттық азшылық жағдайына ұшырап, «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде республика тұрғындарының ішінде үлестік басымдыкка қол жеткізді. Қазіргі кездегі (2005 ж.) деректер бойынша, Қазақстанда тұратын  Бұл бағытта мемлекет тарапынан бірнеше рет шағын несие таратылды.

Ұлтаралық қатынастар. Қазақстан мен Ресей арасын­дағы ұлтаралық қатынастарға Қазақстандағы орыс және Ресейдегі қазақ диаспоралары мәселелері — олардың азаматтық құқықтарын тең қорғау, ұлттык мәдениеттерін өркендету, тілдерін дамыту, дәстүрлері мен ғұрыптарын сақтау, қажет еткендеріне ерікті түрде тарихи отандарына оралуына жағдай жасау мәселелері кіреді.

Ұлт пен мемлекет сөздерінің көпшілік жағдайда бір ұғымды білдіруі — дүниежүзілік беталыс. Бұл өте дұрыс және болашақтық бағыт. Қазақстандағыдай көп ұлттылық жағдайында  ешкімді ұлтына,  ұлысына қарап алаламай, иық тіресе еңбек етіп, демократиялы, құқықты қоғам құруға жұмыла кірісудің маңызы зор. Кейінгі жылдарда Қазақстанда тұрған орыстар, украиндар, немістер, поляктар өз тарихи отандарына көшіп кете бастады. Бұл — ұлттық мемлекеттің келешегі үшін өте тиімсіз құбылыс. Өйткені тарихи отандарына қайтып кеткендер арасында ғалымдар, жоғары білікті мамандар, өз ісінің нағыз шеберлері, кәсіпқойлар көп еді.

Этносаралық қатынастар. Әлеуметтік мәселелерді қозғаған ғылыми-публицистикалық әдебиеттерде этнос (грек, ethnos—топ, тайпа) термит жиі қолданылады. Ол баста адамдар қауымдастығының тұрақсыз формалары — ру, тайпа, ұлыстарды білдірген бұл сөз, кейінірек ұлт ұғымында да қолданыла бастады. Отандык әлеумет-танушы ғалымдардың дені қазір этнос ұғымына республикада тұратын автохтонды ұлттан өзге этностық топтар мен диаспоралардың жиынтығын сыйғызады. Сонда этносаралық қатынастар дегеніміз — осылардың өзара қарым-қатынасы дегенді білдіреді.

Этносаралық қатынастарға түрлі диаспоралар өкіл-дерініц ел ішіндегі өзара байланыстары жатады. Қазір Қазақстанда украиндардың, татарлардың, түріктердің, немістердің, шешендердің, ингуштердің т.б. ұлт диаспораларының ұлттық-мәдени және тарихи ұйымдары мен орталықтары жұмыс.

Қазақстандық отаншылдық. Қазақстан Республикасы — өз аумағында тұратын барлық азаматтардың ортақ Отаны. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазакстанды өз Отаным деп есептейтін барлық азаматтарды ұлтына, нәсіліне, тұрған жеріне, кызметіне, байлығына, жынысына, діни нанымдарына қарамастан, заң алдында тең субъект ретінде қарастырады және тең дәрежеде қорғайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан мемлекетінің көз-деп отырған аса маңызды идеологиялық міндеті — қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» деп жариялаган болатын.

Жалпықазақстандық отаншылдық дегеніміз — шын мәніндегі ұлттық сүйіспеншілікке қайшы келмейтін түрлі ұлт адамдарының республика жерін мекендеген этностар тағдырының тұтастығын, гүлдену мүмкіндігін терең ұғынуы.

Бекіту кезеңі:

  1. Қазақстанды мекен еткен ұлт және этностарға сипаттама беріңіздер.
  2. Қазақ жеріне коныс тепкен түрлі этнос өкілдерінің осында келу тарихына көңіл аударыңыздар.
  3. Автохтонды ұлт, диаспора, этнос терминдерінің қысқаша анықтамасын дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.

Сабақты қорытындылау: Жалпықазақстандық отаншылдық дегеніміз — шын мәніндегі ұлттық сүйіспеншілікке қайшы келмейтін түрлі ұлт адамдарының республика жерін мекендеген этностар тағдырының тұтастығын, гүлдену мүмкіндігін терең ұғынуы.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 18