Отбасы және жастар

150

Тақырыбы: Отбасы және жастар

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Отбасы және жастар туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Халық санының табиғи өсімін қамтамасыз етуші құрам — жастар. Қазақстанның азаматы болып табылатын әр жас адам дер кезінде отбасын құрып, өмірге бала әкелуді ең асқақ, барынша ізгі, мейлінше қасиетті борышы деп есептеуі керек. Біздің жас мемлекетіміз үшін әрбір адам мен азамат ел тағдырын шешуші айқындаушы фактор. Қазақстан Республикасы үшін басты байлық —оның жерінің кеңдігі мен табиғи ресурстарының молдығы ғана емес, ең алдымен, оның адамдары деген сөзде үлкен мағына бар.

Отбасы. Отбасы — ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың және басқа туыстардың ара-қатынасын реттейтін нормалардың, тәртіп үлгілерінің жиынтығымен сипатталатын әлеуметтік институт. Отбасы — қоғамның тірегі, оның алғашқы ұясы. Адам  өмірінің мәні, алдымен, оның отбасының болуы немесе болмауымен өлшенеді. Отбасынсыз адам бақытты болуы мүмкін емес.

Отбасының бірнеше түрі болады. Ата-анасы және балалары бар отбасы толық деп аталады. Ата-анасының біреуі ғана бар болса, ол толық емес отбасына жатады. Ата-анасы мен балаларынан басқа туыстары косылып өмір сүріп жаткан отбасын күрделі отбасы деп атайды.

Неке. Неке — отбасын құру мацсатын көздеген ер мен әйелдің ерікті және тең одағы. Некеге отырған ерлі-зайыптылар бір-бірінің алдында белгілі бір құқықтарға ие болады және міндеттер орындайды.

Неке міндетті түрде тіркелуі керек. Тек тіркелген некеде тұрғандардың ғана әрекеттері заңды болады. Өмірде тіркелмей-ақ ерлі-зайыптыларша бірге тұратындар кездесе береді. Оларды әлеуметтанушылық-философиялық әдебиеттерде эксперименте отбасылар деп саралау қабылданған.

Халық арасында оны «азаматтық неке» деп атау бар. Азаматтық хал актісін тіркеу органында белгіленбегендіктен, «азаматтық некедегі» отбасы заңды деп танылмайды. Олардың ерлі-зайыптылық қатынастарына мемлекет араласпайды. Бар мәселесін олар өздерінің адамгершілігі тұрғысынан шешеді.

Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңы бойынша неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленген.

Отбасын құру қағидалары. Отбасын құру белгілі бір қағидалар негізінде жүзеге асырылады. Олардың бастылары мыналар:

  • еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
  • отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;
  • бөгде адамдардың отбасы ісіне араласуын болдырмау;
  • отбасының ішкі мәселелерін келісіп шешу;
  • балалардың отбасында тәрбие алуына және олардың қамына көңіл бөлу;
  • кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына көңіл бөлу
  • отбасы мүшелері құқықтарының сот арқылы қорғалуының қамтамасыз етілуі;
  • отбасындағы салауатты өмір салтын қолдау;

—   отбасы мүшелерінің бір-бірінің қамын ойлауы.

Отбасындағы балалар мен ата-аналардың құқықтары. Отбасы жағдайында бала ерекше құқықтарға ие. Балалар құқықтары туралы конвенция бойынша он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған азаматтар бала болып есептеледі. Әр баланың отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы бар. Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені талқылауға қатысуы керек. Соттасу кезінде он жасқа толған баланың пікірі ескеріледі.

Ата-ананың балалар алдындағы құқыктары мен міндеттері тең. Ата-аналар балаларының денсаулығын қадағалауға, оларды тәрбиелеуге, орта білім алуын қамта­масыз етуге міндетті.

Отбасының тұрпаттары. Моногамды және полигамды отбасылар. Отбасының түрлі тұрпаттары бар. Олардың ішінде қазіргі заманғы қоғамда кең таралғаны кіндік отбасы ата-аналардан және олардың балаларынан тұрады. Кіндік отбасының екі нұсқасы болуы мүмкін: балалы және баласыз, ерлі-зайыптылардан ғана тұратын отбасылар.

Жыныстық байланыстарына қарай отбасылар, негізінен, моногамды жөне полигамды болып бөлінеді.

Бір әйел мен бір еркектің некелік одааы моногамды отбасы делінеді. Бұл — некелік формалардың ішіндегі ең кең таралған түрі.

Екі немесе одан көп әйел алушылықты полигамия дейді. Некенің бұл түрі де өзіндік нышандарымен дүниежүзілік мәдениеттерде жиі ұшырасады. Кейбір ислам елдерінде полигамияға ресми рұқсат етілген. Көпшілік дамыған елдердің азаматтары некенің бұл формасын құптамайды.

Отбасының атқаратын функциясы. Отбасы мынадай функциялар атқарады:

—  бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету. Қоғам үнемі өзінің демографиялық өсуін қамтамасыз етуі керек. Әсіресе жері көп, халқы аз Қазақстан қоғамы үшін бүл өте өзекті мәселе болып табылады. Өйткені қазақ жерінің мол табиғи байлығын игеру, орасан үлкен аумақты қорғау, дүние жүзіндегі қуатты елге айналу үшін Қазақстан Республикасына адам керек. Келешекте Қазақстан 50 млн тұрғыны бар ірі елге айналуы керек. Сондықтан мемлекет жастардың дер кезінде отбасын құруына, бала өсіруіне мүдделі;

  • баланы әлеуметтенуге, екінші сөзбен айтқанда, қоғамда өмір сүруге дайындау. Баланың қоғамда бағаланатын құндылықтарды меңгеруін, білім алуын, кәсіп таңдауын, өзінің кабілеттерін пайдаланып еңбек етуін, қоғамда өмір сүруге үйренуін, алдымен, отбасы қамта­масыз етеді;
  • отбасы мүшелерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен, оқуға, еңбек етуге қажетті жабдықтармен, тағы да басқа материалдыққұндылықтармен қамтамасыз ету.

Сабақты қорытындылау:

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 19-20