Қоғамның әлеуметтік құрылымы

108

Тақырыбы: Қоғамның әлеуметтік құрылымы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Құрылым (лат. structurи— құрылу) — жүйені құрайтын элементтердің реттілік формасы. Тұтастықтың қандайы болса да, белгілі бір құрауыштардан құралады. Ол құрауыштар бір-бірімен органикалық байланыста, тұрақты қатынаста болып отырады. Ал құрылым сол байланыстар мен қатынастардың бірлігі ретінде көрініс береді. Қазақстанның әлеуметтік құрылымы деп бүкіл ел азаматтарының түрлі белгілеріне қарай, бір-бірімен тұрақты қатынаста болатын топтарға жіктелуін айтамыз.

Қоғамды құрайтын әлеуметті тұрған жеріне қарай — қалалықтар және ауылдықтар; жасына қарай — балалар, жастар, орта жастағылар, кәрілер; жынысына қарай—ерлер, әйелдер; меншікке қатынасына қарай — байлар, кедейлер; кәсібіне қарай — фермерлер, жұмысшылар, кәсіпкерлер; біліміне қарай — зиялылар, жұмысшылар, шаруалар («ақ жағалылар», «көк жағалылар»);

Ұлтына қарай — қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, ұйғырлар, корейлер, өзбектер, поляктар, түріктер т.б. толып жатқан топтарға жіктеуге болады.

Топтар өздерін құраған адамдардың сандық мөлшеріне қарай — макротоптар және микротоптар болып бөлінеді. Макротоптареа (грек, makros — үлкен) — бүкіл қоғам, өркениет, ұлт сияқты ірі әлеуметтік тұтастықтар мен жүйелер жатады. Қазақстан халқы немесе қазақ ұлты макротоптардың мысалы бола алады. Микротоптарға (грек, mikros — кіші) — адамдардың бірігіп өмір сүруі мен еңбек ету үрдісінде құрылатын шағын топтар кіреді.

Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қазіргі Қазақстан қоғамын құрайтын адамдар топтарын өзге өркениетті елдердегідей негізінен үш тапқа — жоғары тап, орта тап, төменгі тап деп бөліп қарастыру қабылданған. Оларға аса ірі меншік иелері, табысы мол мемлекеттік шенеуніктер кіреді.

Орта тап өкілдері қоғамдағы орны мен қызметінің алуан түрлілігіне орай қанағаттанарлық материал-дық деңгейде өмір сүреді. Ел тұрғындары арасындағы сандық үлесінің басымдығына, құрылымының күрделілігіне орай, орта таптың өзі: жоғары орта тап, ортаңғы орта тап және төменгі орта тап болып үш қабатқа жіктеледі.

Төменгі тап деп табыстары «тұтыну себеті» көрсет-кішінен көп аса қоймайтын, көпшілік жағдайда ол кемерден олқы түсіп жататын адамдардан тұратын әлеуметтік топтың айтамыз. Олардың арасында баспанасы бар не жоқ, түрлі төлемдерді әрең өтеп немесе өтей алмай жүрген, табыстары отбасы мүшелерін киіммен, тамақпен қамтамасыз етуге әрең жететін немесе жетпейтін азаматтар басым болады.

Тұрғындардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі. Әлеу-меттік өмір аясы деп материалдық игіліктерді болу жолымен мемлекеттің әлеуметтік саясаты жүзеге асырылатын адамдар қауымының өмірлік қызмет аренасын айтамыз. Адамдардың материалдық-тұрмыстық мәселелеріне қатыстының бәрі қоғам өмірінің осы аясында шешіледі. Мемлекет қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерін — жалғызбасты, ауру адамдарды, тағдырдың тауқыметімен асыраушысынан айырылғандарды, жетімдер мен мүгедектерді баспанамен, тамақпен, киіммен қамтамасыз етеді, медициналық және қызметтің басқа түрлерін көрсетеді, осы мәселелерді өз міндетіне алып, шешіп отырады. Қазіргі Қазақстан қоғамындагы әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең күрделісі — зейнеткерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету болып отыр.

1998 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында жаңа зейнет заңын енгізуге алып келді. Бұл заң бойынша жұмыс істейтін әр адам өзінің айлык жалақысының 10%-ын жеке зейнет қорына аударып отырады. Зейнет қоры азамат зейнетке шыққан кезге дейін жиналады. Жаңа заң бойынша зейнет жасы ерлер үшін — 63, әйелдер үшін 58 жас болып белгіленген.

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 16