І жартыжылдық сынақ «Әлеуметтік, қоғам саясаты»

Тақырыбы: І жартыжылдық сынақ «Әлеуметтік, қоғам саясаты»

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Сынаққа арналған сұрақтар:

  • Қазақстанды мекен еткен ұлт және этностарға сипаттама беріңіздер.
  1. Қазақ жеріне коныс тепкен түрлі этнос өкілдерінің осында келу тарихына көңіл аударыңыздар.
  2. Автохтонды ұлт, диаспора, этнос терминдерінің қысқаша анықтамасын дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
  3. Адамдар өздерінің бірлескен қызметінде бірінің үстінен бірі билік жүргізбей-ақ іс тындыра ала ма?
  4. Тарих сабақтарынан алған білімдеріңізді пайдалана отырып, халық үғымына қатысты ойларыңызды ортаға салыңыздар.
  5. Қайткенде халық  өзінің  қуатын  сақтап  қалады,  өзін-өзі қорғай алатын күшке айналады?
  6. Мемлекеттің атқаратын функцияларын өз сөздеріңізбен қысқаша тұжырымдап, дәптерлеріңізге жазып қойыңыздар.
  7. Басқарудың президенттік республика мен парламенттік рес­публика формалары арасындағы ұқсастықтар мен ұстанымды айырмаларды атаңыздар.
  8. Саяси партия мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы ұстанымды айырманы атаңыздар.
  9. Қазақстанның саяси сахнасында әрекет ететін саяси партияларды атаңыздар және оларды мәтінде аталған түрлер бойынша саралаңыздар.
  10. Мемлекеттік биліктің бірлігі, жоғарылығы және тәуелсіздігі деген ұғымдар нені білдіреді?
  11. Демократиялық режімдер жағдайындағы БАҚ-тың қызметін әңгімел еңіздер.
  12. Бұқаралық ақпарат құралдарын, әдетте,  «төртінші билік» деп атайды. Оның мәні неде деп ойлайсыздар?

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер