Азаматтық туралы жалпы түсінік

Тақырыбы:

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Азаматтық туралы жалпы түсінік. Азаматтық туралы мәселе — адам мен қоғам арасындағы қатынастарда ежелден маңызды орын алатын, әр елде әр түрлі көрініс беретін, үнемі құбылтуларға ұшырап отыратын, түрлі саяси жанжалдардың да ұйытқысы болып келген, аса күрделі мәселелердің бірі. Азаматтыққа қатысты мәселелер үнемі қақтығысқан жақтардың негізгі талас объектісі болып отырады. Мемлекеттің федерациялы немесе конфедерациялы құрылымдары үрдісінде азамат­тыққа байланысты туындайтын шектесулер өте жиі ұшырасып отырады.

Азаматтық деп белгілі бір мемлекеттің заңдылықтарымен орнықтырылған құқықтарды пайдаланып, міндеттерді атқаратын, сондықтан да құқықтары мемлекет тарапынан қорғалатын адамның сол мемлекетке тәнділігін айтамыз. Басқарудың монархиялық формасындағы мемлекеттерде «азаматтық» орнына «бодандық» термині қолданылады.

Азаматтық алу және одан айыру тәртібі мемлекеттің заңдарымен реттеледі. Түрлі мемлекеттерде адамның дүниеге келе сала азаматтық алуы табиғилау немесе тамырландыру қағидаларымен жүзеге асырылады. Әдетте, тұмысынан азаматтық алу мәселесі екі қағидаға сүйеніп шешілуі мүмкін. Оның біріншісі — ұлттық немесе «қан құқығы» (jus sanguinis) деп аталынған қағидамен азаматтық алу. Мұндайда баланың азаматтығы, өзге жерде туылғанына қарамастан, оның ата-анасының азаматтығынан туындайды. Азаматтық алудың екінші түрі — аумақтык немесе «топырақ құқығы» (jus soli) делінетін ұстаным бойынша анықталады. Мұндай жағдайда баланың азаматтығы ата-анасының азамат-тығымен емес, туған жеріне (еліне) байланысты айқындалады.

Қазақстан Республикасындағы азаматтық — мемлекет ретіндегі Қазақстан Республикасы мен адам  арасындағы олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіретін саяси-құқықтық байланысы болып табылады. Азаматтық мемлекет пен жеке адамның өзара тұракты қарым-қатынасы ретінде сипатталады. Азамат дегеніміз — мемлекетке тәнділігімен айқындалатын заңды тұлға. Соған орай Қазақстан Республикасы адам алдында жауапты, оның ел ішінде белгіленген құқықтары мен бостандықтарын мойындайды әрі оны қорғайды және республикадан тыс жерлерде де оны қорғап, қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Қос азаматтық. Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік негізін онымен тұрақты саяси және құқықтық байла­нысы бар азаматтар құрайды. Белгілі бір жағдайларда Қазақстан азаматы басқа бір мемлекеттің азаматтыгын қатар алуы мүмкін. Адамның мұндай жағдайы қос азаматтық деп аталады. Қазақстан Республикасының Конституциясы республика азаматының басқа бір мемлекетке азамат болғанын мойындамайды. Соған қарамастан, азаматтықтың пайда болуы жөніндегі өзге мемлекеттердің заңдарынан туындап жататын жағдайларға байланысты қос азаматтық пайда болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және азаматтықтан шығу. «Қазақстан Республикасының азаматтық туралы» Заңы бойынша: осы заң күшіне енген 1992 жылдың 1 наурызынан бастап Республика аумағында тұрақты тұратын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып танылады.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішті президент қарайды.

Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтініш мынадай жағдайларда қабылданбайды:

  • халықаралық құқықта қаралған, адамзатқа қарсы қылмыс жасағандар;
  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шыққандар;
  • Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын бұзуға шақырғандар;
  • халықтың денсаулығынына, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатысты заңды бұзғандар;
  • мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділік отын тұтатқандар;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің атқаратын жұмысына қарсы шыққандар;
  • террорлық әрекеті үшін сотталғандар;
  • сот ерекше қауіпті деп таныған ауыр қылмыстылар;

—   басқа мемлекетте азаматтығы барлар.

Азаматтықты куәландыратын құжат — куәлікпен төлқұжат болып табылады. Адам 16 жасқа толғанға дейін оның азаматтығы әкесі мен шешесінің біреуінің төлқұжатымен және өзінің тууы туралы куәлігімен расталады.

Бекіту кезеңі:

  1. Азаматтық алу үрдісіндегі «қан құқығы» және «топырақ
    құқығы» ұстанымдарының қайсысы жән деп есептейсіздер?
  2. Қос азаматтық туралы пікір алмасыңыздар.
  3. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтініш қандай жағдайларда қабылданбайды?

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 32