Қазақстан Республикасының Үкіметі

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Үкіметі

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Қазақстан Республикасының үкіметі. Үкімет — атқарушы биліктің жоғары органы. Ол орталық және жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарады, солардың қызметіне басшылық етеді. Үкіметті Президент құрады, құрылымы мен құрамын бекітеді. Үкімет мүшелері Қазақстанның халқы мен Президентше ант береді. Атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне Республика министрліктері мен комитеттері, жергілікті — облыстық, аудандық, қалалық және қалалық-аудандык әкімшіліктер кіреді.

Атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Үкіметке кең өкілеттіктер берілген. Олар ҚР Конституциясында және Президенттің 1995 жылгы «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы» конституциялық заң күші бар жарлынында бекітілген. Экономика саласында Үкімет мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық бағдарларын айқындайды; экономикалық бағдарламаларды әзірлейді, республикалық бюджетті және оның атқарылуын қамтамасыз етеді; республиканың қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды белгілеп, жүзеге асырады.

Әлеуметтік салада Үкімет еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру саясатын жүзеге асырады; аймақтардың әлеуметтік даму мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді; жастар, дене тәрбиесі мен спорт, туризм, әлеуметтік әріптестік проблемаларының шешілуіне ықпал етеді.

Ғылым, техника, білім жөне мәдениет саласында Үкімет ғылыми-техникалық даму жоспарларын жасап, жүзеге асырады; ғылым мен техниканы, мәдениетті, білімді дамыту, жаңа технологияны енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты анықтап, жүзеге асырады.

Әкімшілік-саяси басқару саласында Үкімет консультативтік-кеңесшілік органдарды құрады және таратады; министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың қызметіне басшылық етеді; олардың Президент пен Үкімет заңдарын, актілерін орындауына бақылау жасайды; министрлердің орынбасарларын лауазымға тағайындайды және одан босатады; жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі қызметіне басшылық жасайды, олардың заңдарды атқаруын бақылайды.

Үкімет Президенттің және Үкіметтің өзінің шығарған заңдары мен актілерінің орындалуын бақылайды, министрліктер, мемлекеттік комитеттер және Үкіметке кірмейтін орталық органдар туралы ережелерді, олардың құрылымын, орталық аппараттары мен жергілікті органдарын ұстауға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының көлемін бекітеді.

Бұған жатпайтын тек Қаржы салымы комитеті ғана. Ол Үкіметке кірмейді. Оның мәртебесін Үкімет емес, заң қабылдау жолымен Парламент анықтайды. Мұндай ерекшелік экономиканы өркендетудегі қаржы салымының айрықша маңызымен және қаржыны бір органның қолында шоғырландыру қажеттігімен байланысты.

Министрліктерден, мемлекеттік комитеттерден және Үкіметке кірмейтін орталық атқарушы органдардан басқа да республикалық органдар құрылады. Олар ведомстволар деп аталады. Үкімет ведомстволардың қызмет саласын, өкілеттігін және жауапкершілігін айқындайтын нормативтік актілер қабылдайды: ведомстволарды ұстауға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының мөлшерін анықтайды; ведомстволардың басшыларын лауазымға тағайындайды және одан босатады.

Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; республиканың шетелдік мемлекеттермен, халыкаралық және өңірлік ұйымдармен өзара қатынастарының дамытылуын қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөніндегі шара­ларды талдап жасайды; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен арадағы ынтымақтастыкты жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Парламент пен Президент жүзеге асыратын заң шығарушылық үрдіске қатынасады, өз құзыретінің шеңберінде шешімдер қабыл­дайды, министрліктер мен ведомстволардың және атқарушы биліктің жергілікті органдарының қызметін бақылайды.

Үкіметтің заң шығаруға қатысуы. Үкіметте заң шығарушылық ынта құқығы болады. Ол өзінің құзіретіне кіретін барлық мәселелер бойынша заң жобаларын жасап, оларды Мәжілістің қарауына енгізуге құқылы.

Үкіметті басқару және жауаптылық. Үкіметті премьер-министр басқарады. Оның өкілеттіктері Конституцияда және Президенттің Үкімет туралы Жарлығында бекітілген. Премьер-министрдің мынадай өкілет-тіктері бар:

— Үкіметтің жұмысын басқарады және өзінің орынбасарлары мен Үкімет мүшелері арасында қызметтік міндеттерді бөліп береді;

  • Президентпен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы сотпен, Бас прокуратурамен, басқа да мемлекеттік органдармен арадағы қатынастарда үкімет атынан өкілдік етеді немесе үкімет өкілдігін тапсырады;
  • халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе өкілдік тапсырады және үкіметаралык шарттар мен келісімдерге қол қояды;
  • министрліктерді, мемлекеттік комитеттерді, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру, тарату туралы Республика Прези­дентше ұсыныстар енгізеді;
  • Үкімет қызметінің негізгі бағыттары туралы және аса маңызды шешімдер туралы Президентке баяндайды;

—   Үкімет мүшелерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдайды. Премьер-министр өзіне заң бойынша жүктелген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

Үкіметтің Президентпен қатынасы. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты болады. Үкімет өз бағдарламасының, Президент тапсырмаларының орындалуы туралы, өз қызметінің басқа да бағыттары туралы Президентке үнемі хабарлап тұрады.

Үкіметтің Парламентпен қатынасы. Үкіметтің заң шығару құқығы Парламент Мәжілісінде жүзеге асырылады. Үкімет заң жобасын Мәжіліске тиісті қаулы арқылы енгізеді. Үкімет өзінің жұмысын Парламентте қабылданған конституциялык және жай заңдарға сүйеніп құрады.

Үкіметтің жергілікті атқарушы органдармен қатынасы. Үкіметтің жергілікті атқарушы органдармен: аудандық, қалалық және облыстық әкімдермен белгілі бір қатынастары қалыптасады. Үкімет атқарушы биліктің жоғары буыны болғандықтан, оның жергілікті атқарушы органдармен арадағы қатынастары «билік — бағыну» ұстанымы бойынша құрылады.

Жергілікті билік органдары. Жергілікті мемлекеттік басқаруды Мәслихат деп аталатын жергілікті өкілді және атқару органдары жүзеге асырады. Мәслихаттар астана, ерекше мәртебелі қала, облыс, аудан және қала аумақтарында құрылады. Мәслихат депутаттарын азаматтар жалпыға бірдей тең, төте және жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды.

Мәслихат депутаты болып Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы сайлана алады.

Мәслихат аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды бекітеді; өкімдердің, жергілікті атқару органдарының басқа да басшыларының есептерін қарайды; жергілікті заемдар мен облигацияларды шығару және тарату туралы шешімдер қабылдайды. Жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша түрлі комиссиялардың құрамын жасақтап, бекітеді. Қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

Мәслихат өз аумағындағы жерді, орманды, су қорларын, жануарлар дүниесін қорғау; сауданы ұйымдастыру, сауда тәртібін сақтау; қоғамдық төртіпті, өрт және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету; аумақта санитариялық тазалықты сақтау; қоғамдық көлікті пайдалану; үй хайуандарын ұстау шараларын жүзеге асыруга тікелей араласады.

Мәслихат жылына кемінде торт рет сессияға жиналады.

Жергілікті атқарушы орган — әкімшіліктің құрамына әкім, оның орынбасарлары, әкімнің аппараты, басқар-малары мен бөлімдері кіреді. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы атқару органдарының бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 41