Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Кеңестің құрылымы және құрамы. Конституциялык Кеңес 7 адамнан тұрады. Қазақстан аумағында туылған, жасы 30-дан асқан, жоғары білімі бар, кемінде 5 жыл заңгерлік қызмет стажы бар Қазақстан Республикасының азаматтары Конституция­лык Кеңестің мүшелері бола алады. Конституциялык Кеңестің мүшелері өкілеттік мерзімі біткенше ауыс-тырылмайды.

Конституциялык Кеңестің төрағасы мен мүшелерін Парламент палаталары тағайындайды. Конституциялық Кеңестің тағайындалған құрамы Қазақстан Республикасының Президентше ант береді.

Конституциялык Кеңестің тәуелсіздігі. Конститу­циялық Кеңестің төрағасы мен мүшелері мемлекеттің лауазымды тұлғалары болып есептеледі, Конституция мен Конституциялық Кеңес туралы Президенттің жар-лықтарын орындайды. Олар өздерінің міндеттерін билік тармақтарынан тәуелсіз атқарады. Конституциялық Кеңестің қызметіне араласушылыққа, оның мүшелеріне қысым жасауға немесе басқаша түрде ықпал етуге жол берілмейді. Ондай әрекеттер көрініс бере қалса, кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Конституциялық Кеңес те, оның мүшелері де ешқандай органның алдында жауап бермейді.

Конституциялык Кеңес ел ішіндегі конституциялық заңдылықтардың іске асу жағдайы туралы жыл сайын парламентке хат жолдап отырады. Бірақ ол арнайы есеп беру емес. Президенттің Конституциялық Кеңес туралы жарлығында Конституциялық Кеңестен өз өкілеттігін жүзеге асыру турасында ешбір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам есеп беруді талап ете алмайтыны көрсетілген.

Конституциялық Кеңес төрағасы мен мүшелерінің иммунитеті (қол сұқпаушылық) болады — оларға ешкім қысым жасай алмайды, билігіне араласпайды, тәуелсіздігіне қол сұқпайды.

Конституциялық Кеңестің атқаратын функциялары. Мемлекеттік орган ретінде Конституциялық Кеңес республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республи­касы Конституциясының жоғары мәртебесін қамтамасыз етеді. Конституциялық Кеңес өз қызметінде мыналарды басшылыққа алады:

—  конституциялық нормаларды сақтай отырып, олардың бұлжымастығын, яғни жоғары мемлекеттік органдар нормативтік-құқықтық актілер қабылдағанда, ұйымдастыру шараларын жүзеге асырғанда, консти­туциялық нормалардың орындалуын қадағалайды;

  • мемлекеттің тұтастығын, саяси тұрақтылығын қам­тамасыз ететін конституциялық ережелердің қатаң сақ-талуын бақылайды;
  • конституциялық идеялар мен қағидаларды — әлеуметтік мемлекет, құқықтық қоғам, азаматтық қоғам, қазақстандық отаншылық идеяларын ұстанады.

Конституциялық  Кеңес өкілеттігінің үш бағыты:

  • конституциялық нормаларда кездесетін түсініксіз баптарға түсінік беру. Оларға ресми түсінік беру тек Конституциялық Кеңестің құзыреті болып табылады. Конституциялық Кеңестің берген түсінігі бұл норманы қолданғанда жұрттың бәріне бірдей міндетті деп есептеледі.

Конституцияльщ іс жүріізу және оның ерекшеліктері. Конституциялық Кеңес сот органы болып есептелмейді.

Ол — Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғарылығын сотсыз әдістермен қамтамасыз ететін орган. Конституциялық Кеңес өзінің құзыретін конституция­лық іс жүргізу жолымен жүзеге асырады.

Конституциялық іс жүргізудің өзіндік ерекшеліктері Конституциялық Кеңестің сот жүйесіне жатпайтынды-ғынан, мемлекеттік органдар жүйесіндегі ерекшелігінен және мемлекеттің дұрыс басқарылуына қызмет ете тұрып, мемлекеттік биліктің де тармағына жатпайтындығынан көрініс береді. Конституциялық іс қозғау жөнінде өзінің талаптарын білдіретін субъектілер саны да шектеулі. Ондай субъектілер конституциялық істі жүргізуге қатысушылар болып есептеледі. Оған жататындар:

  • Республика Президенті,
  • Сенат төрагасы,
  • Мәжіліс төрағасы,
  • Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінен кем болмайтын тобы, премьер-министр, республика соттары, кабылданған актілерінің Конституцияға сөйкестілігі тексерілетін мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар.

Конституциялық Кеңес іс жүргізу жөнінде өтініш түскен күннен бастап бір айдың ішінде қабылданған өтініш бойынша қорытынды шешім шығарады. Консти­туциялық іс мына жағдайларда шешім қабылдамай тұрып тоқтатылады: егер субъект өзі берген өтінішінен бас тартатын болса; конституцияға сәйкестігі жөнінде талас туғызып отырған актінің заңдык күші бұзылса немесе өздігінен жойылса; егер өтініш Конституциялык Кеңестің қарауына жатпайтын болса.

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 43