Ж.Әлмашев «Қауын мен Қарбыз»

385

Пәні:  Ана тілі 4сынып

Тақырыбы: Ж.Әлмашев  «Қауын мен Қарбыз»

Мақсаттары:

Білімділігі: Оқушылар ертегінің мазмұнын меңгереді. Ертегі мазмұны мен таныса отырып негізгі ойды, идеяны ұғынады.Өз ойларын,пікірлерін еркін айтуға машықтанады.

Тәрбиелігі: Оқушыларды достыққа, бірлікке, туған елін сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілеттерін байқағыштығын жетілдіреді.Сабаққа деген Қызығушылықтарын дамыту.

Түрі: Жаңа білім беру

Көрнекілігі: Слайд,суреттер

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиялары,проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар

Сабақтың жүру барысы:

 

Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу.

-Оқушы назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардан мазмұнын сұрау.

Автор туралы толықтай мағлұмат алу.

Өтілген тақырып бойынша көрініс қою.

Сұрақ-жауап пысықтау:

1.Ертегінің авторы кім?

2.Екі ағаштың бір-бірімен ренжісуіне не себеп болды?

3.Қайың мен Қараағаштың ашулануына Тобылғының қандай сөздері әсер етті.?

4.Қараағаштың қылығы көз алдыңа қандай адамды елестетті?

Жаңа сабақ

1.Қызығушылықты ояту.

Сөзжұмбақты шешейік:

1.Қырандар ішіндегі ең ірі бітімі мығым, жылдам ұшатын құс қалай аталады?

2.Бетінде төбе көп кездесетін жазықты қандай жазық деп атаймыз?

3.Қолтырауын сөзінің орысшасы

4.Қарағандыдан алынатын жанғыш пайдалы қазба

5.Сөз мағынасын өзгертетін қосымша не деп аталады?

6.Бірнеше сандарды көбейткен кезде,көршілес екі көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен ауыстырса немесе жақшалардың орнын өзгертсе көбейтіндінің мәні өзгермейді. Бұл көбейтіндінің қандай қасиеті деп аталады?

7.Ең кіші уақыт бірлігі.

 

Жұмбақ шешейік:

Іші жұмсақ, сырты қатты,                                Домаланған ала бас

Етті-секер, сүті-тәтті.                                       Дәмді шырын даяр ас

   Қарбыз                                                                       Қауын

 

2.Мағынаны  тану.

Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?

Халық арасында ауызжа шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады.

 

 

 

 

Ертегі                                                              аңыз

 

батырлар жыры                                                                         бесік жыры

 

жаңылтпаш                                                            айтыс

 

Соның ішінде біз бүгін ертегімен танысамыз.

Кейбір ертегінің шығарушы авторы белгілі болғандықтан,оны әдеби ертегі деп атайды.

-Бүгінгі ертегінің авторы Жолтай Әлмашев.

 

Топтастыру әдісі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Сурет бойынша жаңа сабақты түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларды рөлге бөліп оқыту.

Мәтін астындағы сұраққа жауап беру.

Жоспар құру.

Жоспар.

1.Қауын мен қарбыздың достығы.

2.Қауын мен Қарбыздың шешімі.

3.Атайдың Қауынды тауып алуы.

4.Қарбыздың мұңы,жалғызсырауы.

5.Баланың Қарбызды тауып алуы.

6.Атаның дәндерді егуі.

7.Көпті корген ата.

Дәптермен жұмыс.

Сөздік  жұмысы.

-Балалар олай болса мен сендерге  Қарбыз бен Қауын туралы қысқаша мәлімет берейін

Қауын-қауынның ең алғаш пайда болған мекенін дәл басып айту қиын.Дегенмен,қауынның отаны-Египет деп тұжырым жасаған.Жер бетіндегі мемлекеттер Қауындар Египеттен  тараған дейді.Ал «Арабтар»ортағасырларда қауынды Жерге түскен «Жұмақтың жемісі»ретінде таныған.Қауын көбінесе Италияндардың сүйікті тағамдары болған.Тарихшылардың айтуынша Рим Императоры Клавдий Альбин таңғы асқа 10 қауынды бірден жеген екенюҚауынның құрамында қант,А,Р,С дәрумендері глюкоза бар.Қауын жаздың аптапты ыстық күндері шөлді жақсы басады.

Қарбыз – қарбыздың отаны – Африка.дәлірек айтсақ Оңтүстік Африка саналадыюҚарбыздың сол Африкадан бүкіл әлемнің түкпір-түкпіріне таралған.Қарбыздың Қытайдағы мәртебесі өте жоғары.Себебі,күні бүгінге  дейін қытайлықтар қыркүйек айында «Қарбыз мерекесін» атап өтеді екен.Қарбыздың құрамында фруктоза,В1,В2,С дәрумендері,азотты заттар бар.

-Енді балалар қайтадан сабағымызға көшейік.Олай болса бүгінгі қауын мен  қарбыздың достығына арнап бірлік,достық туралы кім мақал мәтел біледі екен?

Жаяудың шаңы шықпас

Жалгыздың үні шықпас.

Стратегия«Кубизм»

1.Ертегіні кім жазған?  Ж.Әлмашев

2.Ертегіде неше кейіпкер бар?   Қауын,қарбыз,ата,бала,автор.

3.Қауын кіммен кездесті?   Баламен,атамен.

4.Не үшін кездесті?   Ен далада өлмеу үшін.

5.Қауынның шыққан мекені?   Египет.

6.Достық туралы мақал мәтел айт.

Бес жолды өлең:

Ой толғаныс

1.Не?                          Қарбыз                                            Қауын

2.Қандай?                  Тәтті,дәмді                                      Пайдалы,шырынды

3.Не істейді?             Өседі,өнеді,щіриді                          Көбейеді,піседі

4.Сөйлем                   Біз бақшада қарбыз жинадық        Қауын шөлді басады

5.Синоним                Көкөніс                                            Көкөніс

 

«Ұшқыр ой»

1.Дос-егіз,дұшпан-…….     сегіз,восемь,эйт.

2.Ағаш тамырымен мықты,

……… досымен мықты.    Адам,человек,мэн.

3,Ерегіскен….. болмайды.     Дос,друг,фрэнд.

4.Досы жоқ адам

…… жоқ  тағам.      Тұзы,соль,солд.

5.Жаман жолдастан

Жақсы ……. артық.      Дұшпан,враг.

 

АУКЦИОН ойыны фишка ұту

1.Мысал дегеніміз не?

2.Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?

3.Айтыс дегеніміз не?

4.Ертегі дегеніміз не?

5.Әсірелеу дегеніміз не?

6.Шешендік сөздер дегеніміз не?

 

Сабақты қорыту.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру