4 санын қосу және азайту

Тақырып: 4 санын қосу және азайту

Мақсаты:

  1. 4 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру
  2. Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, оқығанын есте сақтауын іс жүзінде қолдана білуге үйрету, ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
  3. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, пәнаралық байланысты арттырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

 

Сабақ барысы:   І Ұйымдастыру кезеңі

Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбі күнгі сабақ

Сәттілікке толсын.

Бүгін сенің алар бағаң

Тек қана бестік болсын.

 

ІІ   Үй жұмысын тексеру

110 бет №2  (сигнальный карточкаларымен жұмыс)

 

ІІІ  Жаңа сабақ

  1. Қайталау

Алдымен геометриялық фигураларды қайталап алу

— Бүгін балалар,сендерге жаңағы сендер айтқан геометриялық фигуралардан құралған мына екі бала келіп отыр. Олардың аттары Асыл, Әсел. Олар сендерді «Циркке» шақыра келіпті.

  1. Мотивация
  • Балалар, «Циркке» барасыңдар ма?
  • «Циркке» кіру үшін бізге билет керек. Ал біздің билетіміз-ол біліміміз. Ендеше, мына тапсырмаларды орындайық:

А) Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасау

— Бұл сөзде неше әріп? Неше дыбыс?

Ә) 4 санының құрамын қайталау

  1. Негізгі кезең

Сонымен біз Цирктеміз.

1 тапсырма

Ең алдымен аренаға «Зебра» шығады

  • Бұл жануардың үстіндегі жолақшаларды қайдан тағы көрдіңдер? (жолда)
  • Ол нені білдіреді?

Балалрға жолдан өту ережесін айта кету:

Жол тәртібін білейік,

Аман – есен жүрейік!

Орында жол тәртібін,

Жолы болсын әркімнің!

  • Циркте жануарлар жанглерлардың тапсырмаларын орындайды. Зебраға мынадай тапсырма беріпті, бірге орындайық

Санға 4-ті қосу және азайту тәсілдері қарастырылады. Өрнектер дәптерге жазылады.

 

Пеш үстінде 4 мысық

Пеш қасында 4 мысық

Айтшы сонда барлығы

Болады неше мысық?    (8)      4+4

 

Он қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 4 саусақ

Алақанды ашамыз,

Бесті төртке қосамыз.

Кел санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы?  (9)  5+4

 

Суда алты қаз,

Төбеде төрт қаз

Судың маңында

Айтшы неше қаз? (10)        6+4

 

Сегіз   қарындаштың төртеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (4)       8-4

 

Тал басында тізіліп,

9 жапырақ тұр еді

Жел тұрды да үзіліп,

Ұшып кетті төртеуі.

Тұр әлі де ілініп

Жапырақтың нешеуі?   (5)        9-4

 

Болып еді  10 торғай

Ұшып кетті төрт торғай

Енді талдың басында

Торғай нешеу балақай? (6)       10-4

 

2 тапсырма

Келесі аренаға қонжық шықты.

Үш сан аттай отырып келесі санға жету (оқулықтағы №3)

0   1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

0,4            1,5       т.б

 

3 тапсырма

Жұмбақ жасыру.

Қорықпайды еш аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. (Піл)

 

Пілге тапсырма орындауға көмектесейік

Логикалық есеп

 

Сергіту сәті

 

— Балалар міне сендердің алдарыңда зебр, аю, піл шықты. Ал олар қандай жануарлар? (жабайы аңдар)

— Ал, сендер қандай тағы жануарлардың түрін білесіңдер?

— Дұрыс, үй жануарлары. Оларға не жатады?

 

4 тапсырма

— Ендеше, қараңдар иттер жүгіріп келді.

№4 есепті дәптерге орындау

 

5 тапсырма

— Циркта аттар да өз өнерлерін көрсетеді

Олар  тапсырманы дұрыс орындап па? Түзейік.

4+4=7                  10-4=5

2+4=9                   8-4=4

5+4=10                 9-4=3

— Үй жануарларға не істеу керек?

 

 

ІҮ   Қорытындылау

Осымен «Цирк» аяқталды.

Сыныпқа оралайық. Асыл мен Әселге рақмет айтайық.

  • Цирк ұнады ма?
  • Несімен ұнады?
  • Онда не істедіңдер?

Ү    Үйге тапсырма: 111 бет №1 а),ә)

ҮІ   Бағалау: балалар жинаған фишкаларын санайды