Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

158

Пән мұғалімі: Иманғожина Назгүл Тұрсынғазықызы,

бірінші санатты тарих пәні мұғалімі, «Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» ММ, Семей қаласы

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері»

(Құқық негіздері . 10 класс)

 

Өтетін класс: 10  А класы Басты мақсат:
Сабақ типі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру Отбасы құқығы бойынша ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы мағлұматтарын кеңейту
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту
р/с Әдіс-тәсілдер:  «құрастырылған ұғым», «мәтінмен жұмыс жасау», «ситуациялар талдау», «ішіне / сыртына»,»жүректен-жүрекке» Білімдік мақсат: Тәрбиелік мақсат: Дамытушылық мақсат:
1.        Ұйымдастыру  + оқушыларды түгендеу + топтарға бөлу (1,2,3,4 санау арқылы)                  (2-3 минут) ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың құқықтары мен міндеттері   (ерлі-зайыптылардың тең құқықтары мен тең міндетттері, мүлікттік қатынастар, ортақ мүлік, жеке мүлік, неке шарты, бала құқықтарын қорғау, ата-ана болу құқығынан айырылу, қамқоршылық пен қорғаушылық тағайындау) мағлұмат беру  Заңды құрметтеуге үйрету, әрбір адамның жасаған іс-әрекеті үшін өз отбасы мен жұбайы, балалары алдында жауаптылығын түсіндіру, саналылыққа, байыптылыққа, әлеуметік әділеттілікке тәрбиелеу Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу,   заңдық құжаттармен жұмыс жасау, оқулықпен, хрестоматиямен жұмыс жасау, салыстырмалы анализ жасау  қабілеттерін дамытуға жағдай жасалады
2.        Қызығушылық ояту. «Тойбастар»  Тапсырма №1.   Ұсынылған заттарды біріктіретін бір ұғымды анықтау (табақтарға салынған әрбір топқа жекелеген заттар жиынтығы, интерактивтік тақта)                      (2-3 минут).

Көрермендер бағасы

3.        А) Сабақ тақырыбы  мен мақсатын хабарлау (1-2 минут)

Ә) сабақ жоспарын оқушылардың дәптеріне жазғызу (2-3 минут)

4.        Тапсырма №2. Мәтінмен жұмыс жасау .Оқулықтағы § 29 бойынша әрбір топ өзіне арналған мәтінмен танысады.    (5-6 минут)
5.         Тапсырма №3. Топпен жұмыс істеу. «Ситуация талдау»  (интерактивтік тақтада берілген № 1, №2, №3 ситуациялар бойынша талдау жасау)

(8-9 минут)    Көрермендер бағасы

Дидактикалық материалдар:

 

·          Тойбастарға арналған заттар (қағаз, мөр, паспорт, кружка, сағат, помада, шприц, қолшатыр, қалам, қағаз, ойыншық,күнтізбе,қайшы, асыл бұйым, кіоттер, картина)

·          Интерактивтік тақта

·          Слайд материалдары

·          Хрестоматия

·          Электрондық сағат

·          Жүректер

·          Күй «Сарыарқа»

·          Ән «Мұзарт» тобы  «Анама сәлем»

6.         Тапсырма № 4 . «»Ішіне / сыртына» = «Үй құрастыру» (интерактивтік тақта мен жұмыс жасау, топтастыру, түсіндіру).               (5-6 минут) .          Көрермендер бағасы
7.        Бекіту.  «Жүректен-жүрекке». «Мен өз отбасымды қалай жақсы көремін?»  жазу /қорғау (оқушылар топтарға таратылған жүректерге өз отбасыларын қалай жақсы көретіндігі туралы жазуы арқылы тақырып бойынша эмоционалдық бекіту жұреді)                (4-5 минут)
8.        Үй тапсырмасын беру:   Өмірден мысал ретінде  2 ситуацияны құрастыру, жан-жақты талдау жасау (1 минут)
9.        Бағалау  (1-2 минут). Көрермендердің берген бағалары бойынша ең үздік топты анықтау.