Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны

127

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік: Қоғамдық заңдар мен нормаларын орындауға құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту

Көрнекілігі: интерактивті тақта

пайдаланған әдебиеттер:Қ.Р.Конституциясы 1995ж 30тамыз

Адам.Қоғам Құқық 9 сынып оқулық

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеп олардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау, сұрақтар мен тапсырмалар беру

  1. Құқық дегеніміз не?
  2. Құқықтық мемлекеттің ең басты және айқын белгісін атаңдар.
  3. Құқықтық мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі.
  4. Билік неше тармақтан тұрады?
  5. Соттардың тәуелсіздігі.
  6. Қазақстан Республикасы Президентінің “Құқықтық жаппай оқытуды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы”Жарлығы қашан шықты?

Сабаққа дайын оқушылардан сабақ сұрау

 

Жаңа сабақты түсіндіру.

Жоспар:

  1. Конституция — мемлекеттің Негізгі заңы.
  2. 1993жылғы Конституция
  3. 1995жылғы Конституция
  4. Құрылымы мен мазмұны
  5. Конституцияның жоғарғы заңдық күші

 

Конституция –қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін,

мемлекеттік органдар жүйесін,

олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндетін айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы

1991жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі”Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы “Конституциялық заң қабылдады

1993жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі –заңы –Конституциясы қабылданды

1995 жылы 30тамызда бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлім, 98 баптан тұрады

  1. Жалпы ережелер
  2. Адам және азамат
  3. Президент
  4. Парламент
  5. Үкімет
  6. Конституциялық Кеңес
  7. Соттар мен сот төрелігі
  8. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
  9. Қорытынды және өтпелі ережелер

 

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?
  2. Конституция қанша бөлімнен тұрады?
  3. Жаңа Конституция қай жылы қабылданды?
  4. Қазақстан республикасының Конституциясы қанша баптан тұрады?

 

Қорытынды: Сабақтың қорытындысы бойынша оқушыларды бағалау.

 

Үйге тапсырма: Қазақстан Республикасының құрылымы

мен мазмұны тақырыбының түсінігін  айту.