4 санын қосу, азайту

Сабақтың тақырыбы : 4 санын қосу, азайту

Сабақтың мақсаты :

 

  1. Білімділік: 4 санын қосу және азайту және айырманың мәндерін қатесіз есептеуге дағдыландыру, білімдерін тиянақтау.

 

  1. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

 

  1. Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын ояту, сыйластыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

 

Сабақ әдісі: өз бетімен жұмыс, ой қозғау, есептер шығару.

 

Көрнекілігі: суреттер, интербелсенді тақта, оқулық, ережелер.

 

Сабақтың барысы:

 

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды сабақа ынталандыру, сәттілік тілеу!

 

2.Үй тапсырмасын тексеру: 4 санының құрамына берілген тапсырманы тексеру. Цифрдың қатесіз салынуына назар аударту.

 

Оқулықпен жұмыс:

 

Кел ойнайық!  Балықтарды аквариумға орналастыру.

Ойын арқылы 1- тапсырманы орындату.

 

10-2=8  8-4=4   2+4=6   7+3=10  5+5=10

 

6+2=8   3+5=8  10-4=6  1+9=10

 

Тапсырманың нәтижесі бойынша аквариумдағы балық санын анықтау.

 

  1. Кім жылдам? Жұлдызқұрт тапсырмасы:

 

Тапсырманы өз беттерімен орындату.

 

5+4-1+2-6=4    10-4+3-2+1-5=3

 

  1. Жұлдызшаның орынына қандай белгі қою керектігін тапқызу.

 

Мысалы:

 

5+3*8   10-2 *7 т.б.

 

  1. Санының құрамын толтыру:

 

1+3=4   3+1=4   2+2=4

 

Көрнекіліктерді қолданып,ауызша тиянақтау.

 

Тақтамен жұмыс:

 

4+4=8 6+4=10 7+2=2 8-4=4 10-4 =6 9-7=2

 

Практикалық жұмыс:

 

Кесінділердің ұзындыңтарын өлшету, ұзындықтарын салыстыру, қорытындысын оқушылар айтады.

 

Топпен жұмыс:

 

Шарты: Өрік ағашы-3 түп

 

Шие ағашы — 4 түп

 

Шешуі: 3+4=7 (ағаш)

 

Жауабы: барлығы 7 түп ағаш.

 

Сергіту сәті:

 

Сергіту сәтін қимылмен көрсету арқылы жұмбақты шешу:

 

Тау басында төрт бала

 

Кезек-кезек ойнаған.

 

Төрт баланың қасына

 

Төрт айды әкеп байлаған.

 

Шешуі: жылқының төрт аяғы мен тағасы.

 

Деңгейлік тапасырмалар:

 

  1. деңгей: Үш сан аттай отырып сана, сандарды жаз. Өсу ретімен 4-тен бастап кему ретімен 10- нан бастап.

 

  1. деңгей: Салыстыр:

 

2+4*6-1 5+3*10-2

 

5+1*9-2 4+3*9-3

 

  1. деңгей: Қатесін тап:

 

6-3=2 4+3=7 3+5*10-2

 

10-3=6 5-4=1 4+3*9-3

 

Деңгейлік тапсырмалардың жауаптарымен интербелсенді тақтадан таныстыру.

 

Сабақты қорыту:

 

«Ойлан тап» ойынымен қорыту.

 

3+1<2+7…. 7-5=1+……

 

5-5>3-….

 

Үйге тапсырма: 4 санының қосу кестесін құрып келу.

 

Бағалау.

 

Интербелсенді тақтадағы көрнекілікті пайдалана отырып бағалау.