Сөйлеу мәдениеті

473
Пән: Адам, қоғам, құқық Сынып: 9 б                                 Сабақ: 65                             Күні:

Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Сөйлеу мәдениеті туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Сөйлеу мәдениеті. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданы-латыны және аса маңыздысы — тіл. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөйлеу мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес.

Сөйлеу мәдениеті дегеніміз — қоғамдық даму үрдісінде қалыптасқан әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормаларын меңгеріп, тілдіц мәнерлеуші құралдарын пайдаланып, дидарласудың түрлі жағдайларында сөз қолданудың соларға сәйкес мақсаттары мен мазмұзын іріктей ала отырып, ойды тиянақты жеткізу ережелерінің жиынтығы.

Сөйлеу мәдениеті, негізінен, ресми келіссөздер жүргізу, өндірістік мәселелерді шешу үрдісінде қолданылатын жалпыадамзаттық деңгейде қабылданған, қалыптасқан ережелерден тұрады. Олардың негізгі қағидаларына айтылар ойдың дәлдігі, әріптестің қабылдауына сыйымдылығы және сыпайы жеткізілуі жатады. Тіл мен ойдың, ой мен әрекеттің арасында тығыз байланыс бар.

Тіл анық болмаса, ой анық емес деген сөз. Тіл — ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық — адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.

Сөз әдебі — дидарласушылардың тіл арқылы ақпарат алмасуын жүзеге асыру үшін, олардың әлеуметтік рөлдері мен рөлдік тұрғыларына және әңгіменің ресми немесе ресми еместігіне сай таңдалып алынған сарында қарым-қатынастық тұрақты формулалар жүйесі. Сөз әдебі қоғамдық санаға сіңісті болып қалған қағидалардан тұрады және қарым-қатынасты тіркеу рөлін атқарады.

Қоғамдық іс жүргізуге ресми қаратпа сөздердің коммунистік билік жылдарында ұмытыла бастаған, бірақ халықтың ежелгі жүздесу үрдістерінде болған түрлері қайта енгізіле бастады.

Адамдардың бірлескен қоғамдық қызметінде аса жиі ұшырасатын қаратпа сөздерге мыналар: ер адамға қатысты — мырза, әйел адамға қатысты — ханым, қыздарға — бикеш деп сөйлеу қабылданған. Дүниежүзілік адамзат қауымдастығында қабылданған қаратпа сөздерінің нұсқалары ресми әдеп қалыптары ретінде қоғамдық сипаттағы шараларды атқару үрдістерінің барлығында қолданылады.

Өндірістік мәселелерге байланысты қарым-қатынаста дидарласушыға қарағанда жастың үлкендігі немесе онымен бұрыннан етене таныстықтың, тіпті достықтың болуы «сенге» көшіп алуға себеп бола алмайды. Егде мұғалімнің жоғары сынып оқушысымен немесе қарт профессордың төменгі курстың студентімен «сен»мен сөйлесуге қақысы жоқ.

«Сіз»-қатынасқа себеп болатын жағдайлар мыналар:

  • адресант пен адресаттың бейтаныстығы, шала таныстығы, алыстығы;
  • қатынасқа өзек болып отырған әңгіменің ресми сипаты;

—  дидарласушылардың атқаратын рөлдерінің тұрғысы.

Тіл стильдерінің жіктелуі. Сөз жүзінде қатынас жасаған адам өріптесіне ойын белгілі бір стильді қолданып жеткізеді. Кез келген тілді қолданып ойды жеткізу, алдымен, екі стильге ажыратылады. Олар — ресми және бейресми стильдер.

Ресми стиль дегеніміз өндірістік тапсырманы орындауға байланысты қоғамдык сипаттағы қызметті атқару үрдісінде қарым-қатынаста қолданылатын сөз саптау ережелері мен реттіліктердің жиынтығы.

Ресми стиль өз кезегінде үшке жіктеледі:

а) саяси-публицистикалық стиль;

ә) іс жүргізу стилі;

б) ғылыми стиль.

Кез келген адам, ресми ақпаратты соз арқылы бергенде, сөз саптаудың аталған үш стилінің бірін ұстанады. Ақпараттың сипатына қарай, ресми сөз саптау стилін қатаң сақтап отыру сөйлеу мәдениетінің көрсеткіші болып табылады.

Ғылыми шығармалар, зерттеулер, диссертациялар, монографиялар, ғылыми журналдарда жарияланатын мақалалар ғылыми стильде жазылады. Әр ғылымның өзіне тән терминологиясы, сөз қолдану тәртіптері  болады.

Бейресми стиль. Бейресми стиль деп адамдардьщ қоғам­дык өндірістік еңбектен тыс, тұрмыс, демалыс жағдай-ларында сөз қолдану реттіліктерінің жиынтьнын айтамыз.

Ресми стильде сөйлеу мен бейресми стильде сөйлеудің айырмасы — алдынғысы қоғамдық бақылауда болатын болса, кейнгісі ресми органдардың бақылауынан тыс, адам­дардың өз еркімен сөз қолданысы жасалуынан көрінеді.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  • Тілдің стильдерге ажыратылуы деген не?

 

  • Ресми стильдердің қандай түрлері болады?

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 57