Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Парламенті.

285

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

 «Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі»

мемлекеттік мекемесінің

құқық негіздері пән мұғалімі

Рыскүл Қуаңбаева

Сабақтың тақырыбы:  Қазақстан Республикасының Парламенті.

 

Сабақтың мақсаты: білімділігі: оқушыларға Парламент, Сенат, Мәжіліс олардың

құрамы, сайлану үдерісі, Парламенттің жұмыс тәртібі туралы түсіндіру;

дамытушылығы: оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;

тәрбиелігі: қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге, өзгелердің құқығына құрметпен қарауға, әділдікті қорғауда өздерін жан – жақты даярлауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың жоспары:

1.Қазақстан Республикасының Парламенті.

2.Парламент және оның құрамы.

3.ҚР Парламенті депутатының өкілеттігі.

4,Депутат және сайлаушылар.

5.Заң жобаларының даярлануы.

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпалар, ҚР Конституциясы.

Сабақтың әдісі: сабақтың  жоспары арқылы оқушыларға өзіндік жұмыс тапсыру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Үй жұмысы: «Қазақстан Республикасының Президенті»

ә) «Кім жылдам?»

І топ сұрақтары:

  1. Президент қызметін тағайындау туралы заң қашан қабылданды? (1990 жылы сәуірде)
  2. «Президент» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді? (алда отырған, бастаушы)
  3. Бүкілхалықтық дауыс беру дегеніміз не? (Референдум)
  4. Президент Парлдаментті таратып жібере алады ма? (Иә)
  5. 1995 жылы Нью – Йорк қаласында Президент қандай құжатқа қол қойды? (Бала құқығы туралы Конвенцияға)

 

ІІ топ сұрақтары:

  1. Н.Ә.Назарбаевтың туылған жері. (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
  2. Халықаралық шарттарға заңды күш беру дегеніміз не? (Ратификация)
  3. Президент өкілеттігі қашан күшейтілді? (Тәуелсіздік алған соң)
  4. Қазақстан Республикасының Президенті неше жылға сайланады? (7)
  5. Қазақстан Республикасының Президенті болып қанша жасқа толған азамат сайланады? (40)

 

ІІІ топ сұрақтары:

  1. Тәуелсіздік алғаннан бері Конституция неше рет қабылданды? (2)
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен тұрады? (9)
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы халыққа жолдауы қалай аталады? («Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты)
  4. Ең жоғарғы нормативтік акт. (Заң)
  5. Президент қандай нормативтік құжат шығарады? (Өкім мен жарлық)

 

ІІІ. Жаңа сабақ бойынша.

а) «Ой шақыру».

ә) Жаңа сабақ түсіндіру.

 

б) «Құқықтық диктант».

І топ: Қазақстан Республикасы Парламентінің ………. екі жолмен жасақталады. …….. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғарғы палатасы. ……… – саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің атынан құрылып, заңда белгіленген тәртіп бойынша тіркелген топ.

 

ІІ топ: Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – ………… Сенат депутаттарына …….. ……………. сайлау құқығы негізінде ………………………………. жолымен сайланады. ………………………  – депутаттардың өз өкілеттігін жүзеге асыру, сайлау округтерінде бірлесіп жұмыс істеу үшін құрылатын бірлестігі.

 

ІІІ топ: Сайланған сайлау депутаттарының …………….. әрбір ………….. сайын қайта сайланып отырады.  ………………….жасы жиырма беске толған республика азаматы депутат бола алады.  ………………….. пен ……………………. бірлескен отырысында …………………….. парламенттің заң шығарушы өкілеттігін беру туралы мәселе шешіледі.

 

ІҮ. Тапсырмалар орындау.

 

а) Сиқырлы қоржын.

 

І топ тапсырмасы. Кестені толтырыңдар.

 

Сұрақтар Мәжіліс Сенат
1 Кім депутат бола алады
2 Депутатты сайлау мына негізде жүреді…
3 Сайлау рәсімі және құрамы…
4 Депутаттардың өкілеттік мерзімі…
5 Депутаттардың өкілеттігінің тоқтатылу жағдайы…

 

ІІ топ тапсырмасы. Парламенттегі заң шығару үрдісінің кезеңдерін айқындаңдар.

 

ІІІ топ тапсырмасы. Кестені толтырыңдар.

 

 

 

 

 

ә) Сергіту сәті. «Полиглот».

І топ сұрақтары:

  1. Қабат – қабат қаптама, ақылың болса аттама. (кітап – книга – book)
  2. Жүз теңгең болғанша, жүз …… болсын. (дос – друг – friend)
  3. Өнер алды – қызыл ….. . (тіл – язык – language)

ІІ топ сұрақтары:

  1. Тіл ….. жарады, ….. жармаса бас жарады. (тас – камень – stone)
  2. Білім ….. – тіл. (кілт – ключ – key)
  3. Таяқ еттен өтеді, ….. сүйектен өтеді. (сөз – слово – word)

ІІІ топ сұрақтары:

  1. Жігіт бір сырлы, ….. қырлы. (сегіз – восемь – eight)
  2. Сөз анасы – құлақ, ….. анасы – бұлақ. (су – вода – water)
  3. ….. – кеме, білім – теңіз. (мектеп – школа – school)

 

Ү. Сабақты бекіту.

«Біз неге құқылымыз?» ойыны.

  1. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
  2. Құқық немен қорғалады? (Заңмен)
  3. Адам құқығының қорғалуы қай жерде, қай жылы бастау алды? (1789жылы Францияда)
  4. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады? (БҰҰ)
  5. БҰҰ-ның мақсаты не? (Әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау)
  6. Қазақстан БҰҰ-на қай жылы мүше болып кірді. (1992жылы 2 наурыз.)
  7. БҰҰ адам құқығына байланысты қандай халықаралық шарттар қабылдады? (Бала құқығы туралы Конвенция)
  8. Бала болып кімдер саналады? (18 жасқа тлмағандар бала болып саналады.)
  9. Құқық туралы заңдарды қай орган шығарады? (Парламент)

 

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

 

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.