Әрбір жан өз бақытының шебері.

59

Тақырыбы: Әрбір жан өз бақытының шебері.

Мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу,өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

 

Жоспары:

  1. Сәлемдесу
  2. Танысу
  3. Тиімді қарым-қатынас орнату бағытында топтық жаттығу
  4. «Құпия сөздер» топтық ойыны
  5. «Жасырын хат,ойлан тап!»
  6. Рефлекция

 

«Дәстүрлі емес сәлем»

Бүгінгі біздің сәлемдесуіміз дәстүрден тыс болмақ. Әдетте адамдар бір-бірімен қалай амандасады? Қол алысып, жәй сөзбен, бір-бірінің беттерінен сүйіп және т.б. Ал біз қазір сәлемдесудің басқа жолдарын қарастырайық. Бір-бірлеріне иық тигізіп амандасыңдар. Маңдаймен, шынтақпен, арқамен, аяқтың ұшымен.

 

Танысу:

Барлық қатысушылар дөңгеленіп отырады. Әр бір қатысушы бір-екі сөзбен өзін таныстырып, бүгінгі көңіл-күймен бөліседі. Мысалы: «Менің атым Әсем. Мен психологпын. Бүгінгі көңіл-күйім өте тамаша!»

 

Тиімді қарым-қатынас орнату бағытында топтық жаттығу

 

Ортаға 6 мұғалім шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі.

Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалды емес қарым-қатынас құралдарының көмегімен жағдаяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа қатысушылар не жайлы «баяндап» жатқанын шешулері тиіс.

 

Тапсырмалар:

 

  1. Басқаларға өзіңіздің сүйікті киіміңіз жайлы айтыңыз, оның түсін, үлгісін сипаттап беріңіз. Оны жиі киесіз бе, қандай жағдайларда киесіз?
  2. Соңғы көрген фильміңіз жәнеь оның не туралы болғанын айтыңыз: ол сізге ұнады ма?
  3. Жақында қандай қуанышты оқиға болды, соны бөліскенде қасыңызда кім болды?
  4. Бос уақытыңызды қалай өткізесіз, немен айналысасыз, қайда барасыз, кіммен араласасыз?
  5. Сүйікті кітабыңызды,оның оқиғаларын айтып беріңіз, басты кейіпкерлері кімдер?
  6. Үй шаруашылығымен айналысқанды ұнатасыз ба?

 

«Құпия сөздер» топтық ойыны   

Қажетті құралдар: ақ қағаз, қалам,әліпби

Уақыты:  5 минут

 

Барысы: қатысушылар 3 топқа бірігеді. Әр бір топ көп сандар жазылған қағаздан алады. Бұл сандардың артында жасырын сөздер бар.

Қатысушылардың міндеттері: берілген әліпбиге қарап отырып, әр бір жасырын сөзді тауып, кейін толық сөйлемді құрап шығу. Барлығын өте тез, шапшаң орындау керек. Орындалу уақыты тіркеледі.

  • 18 8 27 34 36 18      21 17 36 23     24 27 23 26

14 8 23 8 14 25 36 5 36 18   3 36 16 5 8 18    17 1 17, 14 8 11

14 8 16 5 8 18          15 1 16 1 13 6 1      25 21 25 8 22       3 8 23 8  1 16 1 7 38

  • 3 1 15 38 25 -20 16 26 1 13 38 17 – 15 1 13 6 38 24 38 11  21 17 36

23      8 17 8 24, 3 1 15 38 25 – 20 16 10 1 18 18 38 19    14 27 13 36

  • 3 1 15 38 25 14 21 3 8 16 8 14      24 12 42 15 25 38.   20 18 38

28 24 25 1 26 61   25 38 23 38 24ь 15 1 18   24 1 13 38 18     15 20 16 7 1 18

24 38 23 6 12       38 23 8 7 367  3 36 23 1 15   8 5 8 23    24 36 11

11 8 13 36 18 36 19 36 11 7 36    3 1 24 15 1     18 2 23 24 8 16 8 23 5 8

1 26 7 1 23 24 1 19 38 n116 20 16  21 11 36   14 8 16 8 7 36  7 86 10 2 13

6 1 18 1   12 38 6 38 19 38 11 6 1    15 20 18 1 7 387

 

 

Кілті:

  • Не үшін өмір сүру керектігін білген адам, кез келген қалайға төтеп бере алады.
  • Бақыт – ол уайым-қайғысыз өмір емес, бақыт-ол жанның күйі
  • Бақыт – көбелек сияқты.Оны ұстауға тырысқан сайын қолдан сырғи береді. Бірақ егер сіз зейініңізді басқа нәрселерге аударсаңыз ол өзі келеді де, жәй ғана иығыңызға қонады.

«Жасырын хат, ойлан тап!»

Қажетті құралдар: ватман, түрлі-түсті фломастер, қарандаштар, өшіргіш, сызғыш

 

Барысы: қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады.

1-ші топ арналған хат: «Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы.

2-ші топ арналған хат: «Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық

3-топ арналған хат: «Жексенбі күні сағат 1500-де менің туған күніме кел».

Ұстаздар өздеріне берілгени тапсырманы ватманға сурет арқылы салып өзара алмасады.

 

Рефлексия:

Сабақ туралы өз ойын алған әсерін 3 сөзбен ғана білдіреді.