Адамның қабілеті.

322

Сабақтың тақырыбы:§ 4. Адамның қабілеті.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қабілет, дарын және зият ұғымдарына түсінік қалыптастыру және олардың арасындағы айырмашылықтарды ашып көрсету.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке отансүйгіштікке  тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: хрестоматия.

Әдісі: баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Қызмет дегеніміз не?
  3. Қызмет қоғамның қозғаушы күші дегенді қалай түсінесіңдер?
  4. Қызмет етуге құлшыныс тудыратын қандай фактор бар?
  5. Білімдерін жан-жақты тексеру
  6. Қызметтің түрлері мен тұрпаттары қандай?
  7. Жануарлардың тіршілік әрекеттері мен адамның іс-әрекеті арасындағы мәнді айырмашылықты көрсет.
  8. Мотив дегеніміз не?
  9. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары

  1. Қабілет.
  2. Дарынның сипаттамасы.
  3. Жад.
  4. Зият.

    Қабілет дегеніміз – тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара – психологиялық ерекшелігі.

Қабілет жеке адамның өзгелермен арақатынастарының күрделі жүйесінде, түрлі қызметтер атқару үдерісінде қалыптасады. Қызметтің кейбір нақты түрін атқару кезінде байқалатын қабілеттің түрлі құрауыштардан тұратын кешенді құрылымы болады.

Қалыптасқан қабілеттерді диогностикалаудың кәсіптік бағдар үшін үлкен практикалық маңызы бар. Кәсіптік іріктеу мен спортта қабілеттерді қалыптастыру мүмкіндіктері оларға сандық баға бере алатын тестілер арқылы жүзеге асырылады.

Психологиялық және педогогикалық зерттеулерде қызметтің нақты түрлеріне қабілеттілікті қалыптастыру проблемалары үлкен орын алады. Қызметтің осы түрін игеруге бағытталған әрекет бағдарламасының ғылыми саралануының маңызы ерекше. Адамның қабілетін дамытудың түрлі бағыттарына арналып жасалған арнайы бағдарламалармен жұмыс жүргізіп, елеулі жетістіктерге жетіп жүргендер аз емес.

Мысалы, сазды есту қабілеті жоқтарға оны дамыту әдістемесі жасалған. Осы әдістеме бойынша бұрын сазды түсіне бермейтін балалардың өздері аспаптарда едәуір шебер ойнай алатын болады.

Қабілетті дамытудың сапалық деңгейі дарын және даналық ұғымдарымен беріледі. Дарын деп жаңалығымен, жоғары жетістігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшеленетін қызметтің өнімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттердің жиынтығын айтамыз.

Дарынның жүздеген тұрпаттары мен түрлері болады. Азамат үшін олардың бәрі қажет. Ол абсолютті есту немесе көру, әдеттен тыс үйлестірушілік, жылдам реакция немесе көркем шығармашылыққа деген қабілеттілік болуы мүмкін. Мақсат осындай дарынды қайткенде ертерек оятуда, сол дарынға сай әуестікті дарытуда болса керек.

    Жад – қызмет барысында қайтадан пайдалану мүмкіндігін тудыратын немесе оны сана аясында қайта жаңғыртатын бұрынғы тәжірибені ұйымдастыру және сақтау үдерісі.

Жад субъектінің өткенін қазіргісімен және келешегімен байланыстырады, дамыту мен оқытуға негіз болатын аса маңызды танымдық функция атқарады. Жад ұзақ мерзімдік, қысқа мерзімдік жүйешелерге және сенсорлық деп аталатын гипотетикалық жүйешеге бөлінеді.

Адам зымырап бара жатқан өмір көшінде санасында сәуле қалдырған, өзін толғандырған, өмірде болғандарымыз бір оқиғаларды, сөздерді, дыбыстарды, белгілі бір кештегі батып бара жатқан күннің бояуларын есінде сақтайды. Қазіргі заманғы ірі математик және кибернетик Джон фон Нейманның есептеуінше, адамның миы мөлшрмен 10 20-не тең ақпараттар бірлігін сақтай алатыны көрінеді.

    Зият (интеллект; лат. Intellectus- тану, түсіну, талқы) – адамның ойлауға, тануға рационалды қабілеттілігі. Жалпылама алғанда, бұл ұғым тұлғаның ақылы мен ойын дамытуға қатысты қолданылады.

Қазіргі заманғы психологияда зият ұғымы көбінесе тұлғаның дара типологиялық даму ерекшеліктерін зерттейтін тоерияда қолданылады. Адамның зияттылығын айқындайтын ұғым бар. Ол зияттылық коэффиценті (ағылш. Intellectual quotent, қысқаша- IQ) делінеді. Көпшілік психологтердің пайымдауынша, негізінен, IQ жеке адамның өзі жинақтаған білім деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

  1. Жаңа сабақты меңгергеңдігін тексеру:
  2. Жад қандай функциялар атқарады?
  3. Жаңа материалды бекіту:
  4. Қабілет, дарын және зият ұғымдарының арасындағы айырмашылықтарды атап көрсетіндер.
  5. Баланың бойындағы қабілетті қалай ашуға болады?
  6. Үйге тапсырма: 4. Адамның қабілеті.
  7. Бағалау: