Меншік және жекешелендіру.

Cабақтың тақырыбы:  §14   Меншік және жекешелендіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға  жекеменшік, жекешелендіру,  кәсіпорындар және   оның түрлеріне түсінік беру. Қазақстандағы  жекешелендіру  кезеңдерінің  жүзеге асырылуы туралы баяндау.

Дамытушылық: жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың айырмашылығын салыстыра отырып, оқушылардың ой пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:  өз құқығын дұрыс пайдалануға, өзгенің құқығын сыйлауға, үйрету.

Сабақтың әдісі: сызба, сұрақтар арқылы түсіндіру, ойталқы.

Көрнекілігі: тірек сызбалар

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Нарық дегеніміз не?
  3. Тауар ұғымын қалай түсінесіңдер?
  4. Ақша қандай қызмет атқарады?
  5. Білімдерін жан-жақты тексеру
  6. Сұраныс пен ұсыныс заңынын тұжырымдаңдар?
  7. Монополия мен бәсекенің айырмашылығы неде?
  8. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары

  1. Тауар. Ақша. Құн. Және баға.
  2. Сұраныс және ұсыныс заңы.
  3. Бәсеке және монополия.

    Жеке меншік – жеке адамдар мен фирмалардың жерді, капиталды және басқа активтерді алу, билеу, пайдалану, сату және мұраға қалдыру құқығы.         Өндіріс факторларына (қүрал, еңбек заты, ақпараттық және интеллектуалдық ресурстар, жер және басқалар) жекеменшік жөніндегі қатынастар әрқашан да өндірісті ұйымдастыруда айтарлықтай рөл атқарған. Меншіктік  экономикалық қатынастар өндіріс факторларын пайдалану жөніндегі өндіріске қатысушылар арасындағы қатынастармен сипатталады.

    Кәсіпорын дегеніміз – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен түсім түсіру мақсатында жұмыстар атқаратын және қызмет көрсететін, өнім өндіру үшін құрылған, өздігінен шаруашылық жүргізетін субъект.

 

 

 

 

 

Кәсіпорындар

 

 

 

 

 

 

Жалгерлік кәсіпорындар

 

 

Акционерлік қоғамдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік кәсіпорындар

 

 

 

 

Жеке және ұжымдық шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекеттік меншікті беру немесе сату арқылы меншік қатынастарын қайта құру жекешелендіру деп аталады. Жекешелендіру мен қатар нарықтық қатынастарға өткен кезде меншікті мемлекет иелігінен алу да жүзеге асырылады.

Мемлекет иелігінен алу  деп  меншіктің сипатын өзгертпестен, сәкес құзыретті кәсіпорын деңгейіне өткізу жолымен экономиканы мемлекет тарапынан тікелей басқару тетіктерін жоюдды айтамыз. Алайда меншіктік  қатынастардың өзгеруі нарықтық экономика құру жолындағы бірден – бір шара емес.Мұнымен қоса, либераландыруды, монополиясыздандыруды, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құруды, нарықтық инфрақұрылым жасауды кешенді түрде жүзеге асыру қажет.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Меншіктің қандай түрлері болады?
  3. Кәсіпорындардың түрлерін атаңдар?
  4. Жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың айырмашылығы неде?
  5. Жаңа материалды бекіту:
  6. Жекеменшік дегеніміз не?
  7. Кәсіпорын дегеніміз не?
  8. Үйге тапсырма:14. Меншік және жекешелендіру.
  9. Бағалау: