Саяси құқықтар мен бостандықтар.

Сабақтың тақырыбы:§ 36. Саяси құқықтар мен бостандықтар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына азамат пен мемлекет арасындағы туындайтың, азаматтың билікке қатысу жағдайларының айқындалуынан көрініс беретін құқықтар мен бостандықтары жайлы түсінік беру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Адамның ең қарапайым да табиғи құқығы не?
  3. Ұждан бостандығы дегеніміз не?
  4. Ар, намыс, қадір ұғымдарын қалай түсінесіңдер?
  5. Білімдерін жан- жақты тексеру

Конституцияның баптарына тоқталу.

  1. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары.
  2. Мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығы.
  3. Азаматтардың саяси құқықтары.

Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына азамат пен мемлекет арасындағы қатынастардан туындайтын, азаматтың билікке қатысу жағдайларының айқындалуынан көрініс беретін құқықтар мен бостандықтар жатады.

Мемлекетті ұйымдастырудың ең маңызды мәселесі- өкілетті органдарды құру. Төменнен жоғарыға дейін қалыптасатын өкілдік органдарды құруға азаматтар көбіне тікелей, кейде жанама қатысады. Өкілетті органдарды сайлау жалпы азаматтарға бірдей болып табылады. Қазақстан Республикасында 18 жасқа толған азаматтардың әлеуметтік ерекшелігіне қарамастан сайлауға құқығы бар.

Барлық өкілетті органдардың сайлауына азаматтар тең құқықты негізде қатынасады. Әрбір азамат бір дауысқа ғана ие және бір рет қана дауыс береді. Дауыс беру – азаматтық борыштың актісі, сайлаудың шешуші кезеңі.

Азаматтардың саяси құқығына мемлекеттік органдарда қызмет ету мүмкіндігі де жатады. «Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының Конституциясында.

Барлық азаматтардың мемлекеттік органдарда қызмет атқару мүмкіндігі тең. Заң Қазақстан Республикасының мемлекет қызметін атқаратын әрбір азаматының халық алдындағы жауапкершілігін  ерекше атап көрсеткен. Мемлекет қызметкерлері азаматтардың құқығы мен бостандығының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

Республик азаматтарының саяси құқықтарының басты бір тобына бейбіт жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, ереуілдерге, пикеттерге қатысу бостандығы жатады. Мұндай шаралар азаматтардың белгілі бір саяси, экономикалық және әлеуметтік мақсатарынан туындап жатады. Мемлекеттік органдар азаматтардың заңды еркі мен бостандығына бөгет жасамауы тиіс. Сонымен қоса, ереуілдерге, шерулер мен жиналыстарға, митингілерге қатысушылар тәртіпсіздікке жол бермеуі керек.

Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша азаматтардың құқығы мен бостандығына мынадай жағдайларда шек қойылуы мүмкін

а) азамат басқа азаматтың құқығы мен бостандығына нұқсан келтірсе, құқық тәртібін бұзғандығы үшін жауапқа тартылса.ә) қоғамдық қауісіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан шаралардың іске асырылуы барысында азаматтардың кейбір құқықтары мен бостандықтарына уақытша шек қойылуы мүмкін.б) заңға сәйкес конституциялық құрылысты, азаматтықты немесе мемлекеттікті қорғау мақсатымен, әскери құпияны сақтау үшін кейбір жағдайларда азаматтардың кейбір құқығы мен бостандығы шектеледі.

 

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына нелер жатады?
  3. Саяси құқықтардың шектелу жағдайларын ата?
  4. Азаматтардың мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығы?
  5. Жаңа материалды бекіту:

1.Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына шек қою әділдікке жата ма?

  1. Үйге тапсырма:§ 36. Саяси құқықтар мен бостандықтар.
  2. Бағалау: