Қазақстан Республикасындағы сот билігі.

Сабақтың тақырыбы:§ 43.Қазақстан Республикасындағы сот билігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға сот және оның құрылымы, соттың тәуелсіздігі жайлы оқушыларға түсіндіру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атқаратың қызметін атаңдар.
  3. Үкіметті кім басқарады.
  4. Үкіметтің өзге билік органдарымен арақатынасы.
  5. Білімдерін жан- жақты тексеру
  6. Үкімет басқарушы органдар жүйесінің жоғары органы болуының белгілеріне сипаттама беріңдер.
  7. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Сот билігі.
  2. Сот жүйесінің құрылымы.
  3. Соттың мақсаты мен міндеттері.
  4. Қазақстандағы сот тәуелсіздігі.

Сот билігі мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады. Оны респулика атынан сот қана жүзеге асыра алады. Сот билігі азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін және Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылады.

Конституция мемлекеттің бірыңғай сот жүйесі болуын көздейді.

 

ҚР сот жүйесі
Жоғарғы сот
Жергілікті соттар

 

 

 

 

 

 

 

 

Конституция сотқа өз нормаларының, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету міндетін жүктейді.Сот, ең алдымен, Конституцияның орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Соттың шешімдері, үкімдері, қаулылары, заңды бұйрықтары, талаптары, тапсырмалары барлық азаматтар, лауазымды тұлғалар, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдар үшін орындаға міндетті болып саналады.

Сот шешімдерін орындамау – заңды бұзушылық және сотты құрметтемеушілік деп саналады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша судьялар тәуелсіз және ауыстырылмайды. Судьялардың тәуелсіздігі мен ауыстырылмайтындығы сот төрелігін жүзеге асырғанда, істер қарағанда олардың қызметіне ешкімнің босатып жібере алмайтындығынан және шешімді тек заңға сүйеніп қана шығаратындығынан көрінуі тиіс.

Конституция судьялар ісіне ешкімнің қол сұға алмайтынына кепілдік береді. Судьяны қамауға, әкімшілік орындарына алып барып, одан жауап алуға, оған сот тәртібімен істелетін әкімшілік шараларды қолдануға болмайды.

Судья лауазымын алғаш иеленгендер, қолдарын Қазақстан Республикасының Конституциясына қойып тұрып ант береді.

Сот төрелігін заңдарға сәйкес және заңдардың негізінде тек соттар жүзеге асырады. Ешқандай басқа орган, ешқандай басқа лауазымды тұлға соттың қызметін өз міндетіне ала алмайды.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Соттың мақсаты мен міндеті қандай?
  3. Соттардың тәуелсіздігі дегенді қалай түсінесіңдер?
  4. Жаңа материалды бекіту:
  5. Сот жүйесінің құрылымы?
  6. Судьялар қалай ант береді?
  7. Сот билігінің азаматтыққа қатысты қорғалуы?
  8. Үйге тапсырма: 43. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
  9. Бағалау: