Тәртіптік және әкімшілік-құқықтық жауапкершілік.

56

Сабақтың тақырыбы:§ 47. Тәртіптік және әкімшілік-құқықтық жауапкершілік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға еңбек ету бостандығының құқығы, жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы қатынастар, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: еңбек етуге, кәсіби бағыт алуға, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушының еңбек ету қызығушылығын арттыру, еңбекке деген жауапкершілігімен белсенділік дағдысын қалыптастыру.

 Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Құқықбұзушылық дегеніміз не?
  3. Азаматтық құқық субъектілер кімдер?
  4. Азаматтық-құқықтық іс қозғау үшін қандай шарттар болуы керек?
  5. Білімдерін жан- жақты тексеру
  6. Заңды тұлға деген кім?
  7. Құқықтық қабілеттілік дегеніміз не?
  8. Әрекет қабілеттілік дегеніміз не?
  9. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Еңбек еркіндігі.
  2. Еңбек жағдайлары.
  3. Жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы қатынастар.
  4. Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік.

Еңбекке қабілетті әр адам қайда және қандай жұмыспен шұғылданатының өзі шешеді. Азаматтар заңды түрде тиым салынбаған еңбектің кез келген түрімен шұғылдана алады.Әр азамат өзінің еңбек жөніндегі құқығын басқалармен тең пайдалана алады.

Еңбек жағдайы қауіпсіздік пен гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Еңбекақы мөлшері заң белгіленген мөлшерден кем болмауы тиіс. Егер жұмысшының еңбек құқығы бұзылса , онда ол сотқа шағым етіп, өз құқығын қорғай алады.

Заңда белгіленгендей, азаматтың 15 жасқа толған соң еңбек ету туралы жұмыс берушімен шарт жасасуға құқығы бар. 14 жасқа толғандар еңбек туралы шартты ата-анасының немесе қамқорлыққа алған кісінің келісімімен жасай алады.16 жасқа дейінгі жұмысшылар мен оқушылар үшін апталық еңбек ұзақтығы 24 сағаттан аспауы тиіс.16 жастан 18 жасқа дейінгілерге апталық жұмыс уақытының ұзақтығы- 36 сағат. 18 жасқа толмаған жұмысшыларды түнгі жұмысқа және жұмыс уақытынан тыс жұмысқа пайдалануға болмайды.

Жұмыс тәртібін бұзушылықтың мынадай белгілері бар:

  • Жұмысшының еңбек тәртібі ережелерін бұзуы;
  • Өзінің еңбек міндетін дәлелсіз себептермен орындамауы немесе нормативтік актіде, өзінің еңбек шартында көрсетілген міндеттерді нашар орындауы;
  • Жұмыс берушіге, ұжымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіруі.
  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Жаңа материалды бекіту:
  3. Үйге тапсырма:§ 47.Тәртіптік және әкімшілік –құқықтық жауапкершілік.
  4. Бағалау: