Адамның жеке бас бостандығы мен қадірі.

Сабақтың тақырыбы:§ 35. Адамның жеке бас бостандығы мен қадірі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясындағы мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары жайлы түсінік беру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Қазақстан Рес6публикасының Конституциясы неше бөлімнен неше баптан тұрады?
  3. Конституцияны неліктен мемлекеттің Негізгі заңы деп атайды?
  4. ҚР – ның 1995 жылғы Конституциясы несімен ерекшеленеді?
  5. Неге Конституцияның заңдық күші бар деп атайды?
  6. Білімдерін жан- жақты тексеру

Конституцияның құрылымы мен мазмұны

 

бөлімдербаптартұжырымдамаларерекшелігі

 

  1. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Адамның жеке бас бостандығы мен өмір сүру құқығы.
  2. Ұждан бостандығы.
  3. Ар, намыс, қадір.

Адамның жеке басының қоғамдағы жағдайы- мемлекеттің даму деңгейін білдіретін көрсеткіш. Адамның ең қарапайым да табиғи құқығы- өмір сүру құқығы болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша ешкімнің өз бетінше азаматты өмір сүру құқығынан айыруға, адам өмірін жоюға хақысы жоқ.

Адамның жеке басының бостандығы мен ажырағысыз құқықтарын Конституция қорғайды. «Ешкімді азаптауға, оған зорлық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық абыройын қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Конституциясында.

Әр адам өзінің дінге қатысты көзқарасын өз еркімен тандайды. Адамды белгілі бір дінді ұстануына ешкім де, заң да бөгет болмайды.

Ұждан бостандығының негізгі кепілдігі- діни бірлестіктердің мемлекеттен ажыртылуы. Мемлекет оның органдары, лауазым иелері діни бірлестіктердің қызметіне араласпайды, нендей бір дінге немесе дінге сенбеушілерге артықшылық бермейді. Снымен бірге Конституция діннің қоғамдағы орнын анықтап береді.   Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша республикада діни негіздегі партиялар құруға жол берілмеуі түрлі дінге сенушілердің өзара  тыныштықта, татулықта болуын қамтамасыз етуге тиіс.

Конституция адамның өнегелі сапасы- оның намысы мен қадірін жоғары ұстайды. Барлық халықтарда да намыс пен қадір кісінің жоғары бағалайтын құндылықтарының бірі саналады. Адамгершіліке негізделген қоғамда ар, намыс, қадір заң жүзінде қорғалады. Бізде де сондай, Қазақстан Республикасы Конституциясы адамның намысы мен қадіріне қол сұғуға жол берілмейді.

Заң бойынша, біреуді қорлау- қылмыс деп танылады.

Тіл тигізу- жалпы азаматтық ұстаным тұрғысынан алып қарағанда, адамның қадірін кетіру болып табылады.Заң жеке адамның арын, ұжданын және қадірін қорғаумен бірге, оның өміріне басқа біреудің озбырлық жасауына да жол бермейді.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деген сөйлемді қалай түсінесіндер?
  3. Ұждан бостандығы дегеніміз не?
  4. Ар, намыс, қадір ұғымдарын қалай түсінесіңдер?
  5. Жаңа материалды бекіту:
  6. Адамның ары мен қадірі жөнінде сыныпта пікірталас орнату
  7. Үйге тапсырма:§ 35. Адамның жеке бас ботандығы мен қадірі.
  8. Бағалау: