Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары

55

Сабақтың тақырыбы:§ 45. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен таныстыру және олардың мемлекетте атқаратын қызметіне, міндеттеріне тоқталу.

Тәрбиелік: заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға және құрметтеуге  тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Конституциялық Кеңес не үшін қажет және ол қандай функция атқарады.
  3. Конституциялық Кеңестің құрамы қалай жасақталады?
  4. Конституциялық іс жүргізу және оның ерекшеліктері.
  5. Білімдерін жан- жақты тексеру
  6. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Прокуратура
  2. Ішкі істер органдары.
  3. Ұлттық қауіпсіздік органдары

Кез келген мемлекетте өзінің Конституциясын, заңдарын, мемлекет басшысы тарапынан берілетін жарлықтар мен басқа нормативтік-құқықтық актілері талаптарының  орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары болады.

Құқық қорғау органдары
Прокуратура
Ішкі істер органдары
Ұлттық қауіпсіздік органдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Прокуратура – мемлекет атынан әрекет ететін, мемлекет аумағында заңдардың, ҚР Президенті шығарған жарлықтардың , өзге нормативтік-құқықтық актілердің нақты әрі бірыңғай қолданылуын қадағалайтын, іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару істерін жүргізудің заңдылығын бақылауды жүзеге асыратын жоғарғы мемлекеттік орган. Прокуратура Президенттің алдында ғана есеп береді, сотта мемлекеттің мүддесін қорғайды.

Қазақстан Ресубликасындағы прокуратура органдары жүйесін Қазақстан Республикассы Бас прокуроры басқарады.

Проруратураның басты мақсаты – барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың заңдар мен басқа да нормативтік актілер ережесін бұрмалаусыз, дәл орындауын бақылап отыру.

Ішкі істер министірлігі республика аумағындағы, облыстардағы, қалалардағы, ішкі істер басқармаларының бірыңғай жүйесін, көлік жүйесін, қалалық, аудандық ішкі әскерлерді басқарады.

Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері: қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету; қылмыстардың және құқық бұзушылықтың басқа түрлерінің алдын алу, оларды анықтап, жолын кесіп; анықтау жүргізу ісін жүзеге асыру және әкімшілік шараларды орындау; кәмелетке толмаған балалардың қараусыз қалуын және олардың құқықтарының бұзылуын немесе өздерінің құқықбұзушылық әрекеттерін анықтау және болғызбау; шетел азаматтарының республика аумағында болу ережелерінің сақталуына бақылау жасау; мемлекттік және басқа объектілерді қорғау т.б

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының басты шарты. Ұлттық қауіпсіздік сыртқы қауіпсіздік, әскери қауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік, экология және экономикалық қауіпсіздік болып жіктеледі.

 

Ұлттық қауіпсздікті қамтамасыз ететін күштер
ҚР Қарулы Күштері
Ұлттық қауіпсіздік
Ішкі істер
Сыртқы барлау
Әскери және салық полициясы
ҚР Президентінің күзет қызметі
Салық және кеден қызметтері
Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою қызметтері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі төмендегідей негізгі міндеттерді атқарады: ұлттық мемлекетке төнуі мүмкін қауіпті болжайды және анықтайды; олардың алдын алу және залалсыздандыру шараларын жасайды; ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерді құрып, оларды үнемі әзірлікте ұстайды; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жалпыға бірдей өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Ішкі істер органдарына қандай ерекше құқықтар берілген
  3. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қандай күштер бар?
  4. Жаңа материалды бекіту:
  5. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда прокуратураның рөлі қандай?
  6. Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдар жүйесін қандай орган басқарады?
  7. Ішкі істер органдарының негізгі мақсаты не?
  8. Үйге тапсырма: 45. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
  9. Бағалау: