Меншік құқығы және меншіктің түрлері

Тақырыбы: Меншік құқығы және меншіктің түрлері

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға  Меншік құқығы және меншіктің түрлері туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар

  • Жеке және заңды тұлғалардың мәнін ашыңдар?
  • Лицензия деген не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: меншік дегеніміз – бұл жеке адамның затқа байланысты қарым-қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалады.

Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар:

  • Жеке меншік – бұл азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі.
  • Мемлекеттік меншік – мемлекеттік иелігіндегі мүліктер.

Меншік құқығының мазмұнын іс жүзінде меншікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы құрайды.

Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқық дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Заттық құқықтар – бұл өзінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында өзіне тиесілі мүлікті басқа тұлғаның пайдалануына беруі. Бұларға:

  • Жерді пайдалану құқығы – жеке немесе заңды тұлғаның мемлекет меншігіндегі жерді өтемді немесе өтемсіз негізде мерзімі белгіленген немесе мерзімі белгіленбеген уақыт аралығында иеленуді және пайдалануы.
  • Шаруашылықты жүргізу құқығы – мемлекеттен алған мүлікті иелену, пайдалану, билік етудің заң жүзінде жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы.
  • Оралымды басқару құқығы – меншік иесі мен қазыналық кәсіпорынның қаражаты есебінен қаржыландырылған және мемлекеттен мүлік алған мекеменің заттық құқығы.
  • Өзге де заттық құқықтар – сеніп тапсырылған басқару құқығы, жеке меншіктегі жерді уақытша пайдалану құқығы, жер асты байлығын иелену құқығы, кепіл.

Сабақты қорытындылау:елімізде нарықтық қатынастар меншік түрлерінің әр алуандығын қажет етеді.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §3, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.