Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар туралы түсінік және оның түрлері

55

Тақырыбы: Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар туралы түсінік және оның түрлері

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға  Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар туралы түсінік және оның түрлері туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар деп қылмыстың заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға төнген нақты қауіп-қатерді жоюға бағытталған мақсатқа сай әрекеттерді айтады.

Мұндай мән-жайларға жататындар:

  • қажетті қорғау;
  • қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру;
  • жедел-іздестіру шараларын жүзеген асыру;
  • аса қажеттілік;
  • орынды тәуекел ету;
  • күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу;
  • бұйрықты немесе өкімді орындау;

Қажетті қорғаныстың шегінен шығуы – бұл қауіпті қолсұғушылықтың сипатына сай келмеуі немесе қорғаныс жағдайының сәйкес келмеуі салдарынан қолсұғушыға анық шектен тыс жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіру өлім немесе ауыр дене жарақаттары)

Аса қажеттілік – бұл қылмыстың заңмен қорғалатын құқықтар мен мүдделерге, адамның, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою үшін зиян келтіруге мәжбүр болатын ерекше жағдай.

Аса қажеттілік жағдйда құқықтылықұ сай болуының шарттары екі топқа бөлінеді:

  1. қауіп көзі
  2. қауіпті жою

күшпен мәжбүрлеудің екі түрі бар:

  1. әл жетпейтін
  2. әл жететін

Сабақты қорытындылау: психикалық мәжбүрлеу – адамның еркіне сөз, символ, ымдау, қаруды немсе оның сұлбасын көрсету арқылы әсер ету.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 13, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.