Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы түсінік

Тақырыбы:  Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы түсінік  

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға азаматтық іс жүргізу құқығы туралы түсінік  туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Материралдық құқық – құқықтың нормаларды белгілейтін заңды түсінік, соның көмегімен мемлекет қоғамдық қатынастарға тікелей, тура құқықтық реттеумен ықпал етуді жүзеге асырады

Іс жүргізу құқығының өзі – бұл азаматтық істер мен дауларды қарау, қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың бір бөлігі.

Іс жүргізу құқығы екі түрлі болады:

  • Азаматтардың іс жүргізу құқығы;
  • Қылмыстық іс жүргізу құқығы;
  • Азаматтық іс жүргізу құқығы дегеніміз – азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нормаларын мәжбүрлеп орындату тәртібі

Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі қағидаларына – заңдарда бекітілген жалпы, маңызды жетекшілікке алатын негізгі ережелер мен сот қызметі негізделген. Бұл қағидалар нақты нормалар түрінде тұжырымдалған олар құқық нормаларының жалпы ережелерінде бейнеленеді.

  • Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы
  • Судьялардың ауыстырылмайтындығы және сайланбалылығы
  • Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынуы
  • Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдыңдағы теңдігі
  • Жеке адамның ар – намысы мен қадір – қасиетін құрметтеу
  • Сотта істі қараудадың жариялылығы
  • Сот ісін жүргізу тілі
  • Сотта істі қараудың ауызшалығы

Сабақты қорытындылау: адам мен азаматтың құқықтары ішінде құқықтарды сот арқылы қорғаудың маңызы зор

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 21, 17-122 бб. Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.