Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері

Тақырыбы: Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Кәмелеттік жасқа толмаған айыпталушылардың (сотталушылардың) құқықтық қорғау мәселелерінің үлкен маңызы бар. Кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылардың психикасы мен жасының ерекшеліктерін ескеріп, БҰҰ Ассамблеясы 1985 жылы «Пекиндік Ереже» деген атпен белгілі «Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты БҰҰ-ның минималды стандартты Ережелерін» бекітті, ол әрбір елдің заңдарында ескерілуі тиіс және осы санаттағы істерді тергеу және сот талқылауы барысында қолданылуы керек.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша тергеуші іс жүргізген кезде:

  • Тергеушілердің жасы (туған жылы, күні, айы) кәмелеттік жасқа толмағанның тура жасы туу туралы куәлікпен немесе төлқұжатпен расталуы тиіс;
  • Тұлғаның еркі, интеллектуалдық және психикалық даму деңгейі;
  • Мінез-құлығының ерекшеліктері, оның сұранысы мен қызығушылықтары;
  • Тергелудегі адамға ересек адамдар мен басқа кәмелеттік жасқа толмағандардың ықпалының қандай екенін анықтау;

Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстары туралы істерді қорғаушыдан басқа оның заңды өкілдері ата-анасы, қамқоршылары немесе қорғаушылары қатысады. Олардың мынадай құқықтары бар:

  • Кәмелеттік жасқа толмағанға не үшін күдік келтіріліп немесе айып тағылып отырғанын білуге;
  • Жауап алуға қатысуға;
  • Тергеушінің рұқсатымен кәмелеттік жасқа толмаған мен оның қорғаушысының тергеу іс-әрекеттеріне қатысуына;
  • Тергеу іс-әректтерінің хаттамаларымен танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға;
  • Өтінімдер мен қарсылықтар мәлімдеуге, тергеуші мен прокурордың іс – әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасауға;
  • Дәлелдемелер ұсынуға;
  • Тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметтік көшіріп алуға құқығы бар;
  • Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 215 – бабына сәйкес, 14 жасқа дейінгі куәгерден немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін, ал тергеушінің қалауы бойынша 14 жастан 18 жасқа дейінгі куәгерден немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін педагог шақыртылады.

Сабақты қорытындылау: кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау аясындағы халықаралық құқықтың актілері Қазақстан Республикасы заңдарында да қолданылған

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §25, 135-142 бб. мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.