Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары

113

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары  

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары  туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;

7)ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Құқық қорғау органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарына, мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қылмыстық және де өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардың алдың алу және оларды болдырмау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

Ішкі істер органдарының міндеттері:

  • Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • Қылмыстарды және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жою;
  • Кәмелеттік жасқа толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылықтардың жолын ашу;
  • Өрт қауіпсіздігі жағдайын қадағалауды қамтамасыз ету, өрт сөндіру;
  • Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және оны қамтамасыз етуді бақылау;
  • Мемлекеттік және өзге де нысандарды, жеке тұлғаларды қорғау, тұтқындалғандар мен сотталғандарды айдауылдау;
  • Ішкі істер органдарының қарамағына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

Ішкі істер органдарының негізгі қызметі мыналар:

  • Облыс аумағындағы қылмыстың, қоғамдық тәртіптің, қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы ақпарттар жинау, есепке алу және оларды жүйелеу, мемлекеттік санақ жүргізу, өзге мемлекеттермен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
  • ІІО бөлімшелері қызметінің және қызметкерлерінің оңды тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға тәжірибелік, әдістемелік және консультативтік көмектер көрсету;
  • ІІМ облыстың әкімі мен мәслихатын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың өзге де органдарын, мүдделі ведомостволарды қылмыстың, қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы және құқықтың тәртіп пен заңдылықты нығайту жөнінде қолданылатын жатқан шаралар туралы құлағдар етіп отыру;

Сабақты қорытындылау: Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары  — бұл анықтау, алдын ала тергеу және жедел – іздестіру қызметін, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мелекет мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықты алдын ала тоқтатуды, жоюды жүзеге асыратын органдардың орталықтандырылған жүйесі

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §28, 153-157  бб. мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер