Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары. Қазақставн Республикасы халықаралық құқықтық қатынастар субъектісі ретінде

251

Тақырыбы: Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары. Қазақставн Республикасы халықаралық құқықтық қатынастар субъектісі ретінде    

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға халықаралық құқықтар жүйесін және Қазақстан Республикасы осы құқықтарға да тәуелді екен туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;

7)ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Халықаралық құқықтың негізі қағидалары  БҰҮ Жарғысында және өзге актілерде бекітілген. Ол мынадай қағидалар:

  • күш және күшпен қорқытуды қолданбау қағидасы;соғысу құқығы ежелгі дәуірден-ақ әрбір мемлекеттің тәуелсіз құқығы болып есептелетін
  • Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы;
  • Мемлекеттердің ішікі құзыретіне кіретін істерге араласпау қағидасы;
  • Мемлекеттердің бір-бірбімен ынтымақтасу қағидасы;
  • Халықтардың тең құқықтығы мен өз келешегін өздері анықтау қағидасы;
  • Мемлекетердің егемендік теңдік қағидасы;
  • Мемкеттердің БҰҮ Жарғысында сәйкес өздері қабылдаған міндеттемелерін қағидасы;
  • Шекаралардың мызғымастық қағидасы;
  • Мемлекеттердің аумақтық тұтастық қағидасы;
  • Адамның құқықтары мен оның негізгі бостандықтарын құреттеу қағидасы;

Әрбір егемен мемлекет бірқатар міндетті белгілерге ие. Оларға мыналар жатады:

  • Аумағы мен халқының болуы. Мемлекеттің халқы, ұлты, нәсілі бойынша емес, аумақ белгісі бойынша бөлінуі тиіс;
  • Билік және басқару аппаратының болуы. Мұнда заң шығару, атқару және сот билігі органдары кіреді. Түрме сияқты мәжбүрлеу органдарын бөліп көрсетеміз;
  • Салықтар мен салық жүйесінің болуы. Салықтар басқару аппаратын ұстауға және жалпы әлеуметтік мұқтаждықтарға жұмсалады;
  • Тәуелсіздігінің болуы, ішкі және сыртқы істерде мемлекеттің ешкімге тәуелді болмауы;

Оқушыларға тапсырма беру сабақ үстінде

Хроногиялық кесте толтырыңдар

Жылдар Негізгі оқиғалар
1990 жылы 25 қазан
1991 жылы 16 желтоқсан
1992 жылы 2 наурыз
1993 28 қаңтар
1995 жылы 30 тамыз

Сабақты қорытындылау:кез келген мемлекеттің, оның ішінде Қазақстан Республикасының саясаты, бірінші кезекте, жалпы азаматтық құндылықтардың басымдығымен айқындауы тиіс

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §31,169-175  бб. мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер