Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны

Күні:Пәні: қазақ әдебиетіСыныбы: 10
Сабақтың тақырыбыЖамбыл Жабаев

«Өтеген батыр» дастаны

Сабақтың мақсаты«Өтеген батыр» дастанының идеялық-тәрбиелік мәнін ашу.
Сабақ түріАралас сабақ
МодульдерСын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, бағалау, жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту
Оқыту әдістеріСұрақ-жауап,
Күтілетін нәтижелер-дастанның мазмұнын меңгереді;

-Өтеген батырдың игілікті ісін таниды;

-дастанның тәрбиелік мәнін ашады;

-Асан қайғы мен Өтеген батырды салыстырып, ұқсастықтарын анықтайды.

РесурстарЖамбыл портреті, «Өтеген батыр» дастаны,
Сабақ кезеңдеріМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі«Шаттық шеңберін» құру.

 

 

 

Сыныпты түрлі-түсті қағаздар арқылы 4 топқа бөлемін.

«Шаттық шеңберін» құрып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айтып, көңіл- күйлерін  көтерді.

 

4 топқа бөлінеді. Топтағы оқушылар рөлдерге бөлінеді. (таймер, спикер, дизайнер, салыстырушы, тілші)

Қызығушылықты

ояту

Сұрақ-жауап:

1.Ақынның Жамбыл деп атануы туралы не білесіңдер?

2.Жамбыл молда алдынан оқуға неге бас тартты?

3.Ақынның ұстазы кім? Ол Жамбыл нені үйретті?

4.«Жетісудың үздік ақыны» деген атаққа қашан ие болды?

5. «Карусель» тәртібі бойынша топтар бір-біріне 2 сұрақ қойып, жауаптың дұрыс-бұрыстығын формативті бағалайды.

 

Оқушылар сұрақтарға қосымша деректерді пайдалана отырып жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Топта ақылдаса отырып, көршілес топтарға сұрақ дайындап, алған жауаптарды бағалайды.

Мағынаны тануЖамбыл жырлаған тақырыптардың бірі – батырлар туралы.

Оқушыларға Өтеген батыр туралы мәліметтер таратылады.

 

Дастанды оқып, жоспар құру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырмаларды орындау

Венн диаграммасы

1-топ. Өтеген батыр мен Асан қайғы

2-топ. «Өтеген батыр» дастаны мен батырлар жыры

3-топ. 5 жолды өлең «Өтеген батыр» сөзіне

4-топ. Мінездеме Өтеген батырға

Өтеген батыр туралы өзара білімдерімен бөліседі.

 

 

 

Дастанды оқып, топта бірлесе жоспар құрады.

1.Еліне жайлы қоныс іздеп сапарға шыққан Өтеген батыр.

2. Өтеген батыр Жиделібайсын жерінде.

3.Еліне оралған батыр.

4.Елін Жиделібайсын жеріне көшуге үгіттеген Өтеген.

5.Халықтың қарсылығы.

6. Өтегеннің реніші.

 

 

 

 

Оқушылар тапсырмаларды орындайды. Ортаға шығарады.

Бағалау 

Өзін-өзі бағалау

Топ спикерлері өз жұмыстарына баға бредеі.

 

Ой толғанысӨтеген батыр мен үшін кім?

 

 

Өз пікірлерін білдіреді.
Үйге тапсырмаЖырды композициялық құрылымына талдау.

 

 

РефлексияБүгін сабақта маған не ұнады, не ұнамады?

 

 

 

Рефлексия

 

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)1.2.
Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді?1.2.
Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

 

 

 

 

 

 

 

Өтеген батыр (1699-1773) — XVIII ғасырдың 1-жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан. 1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1740 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат етіседі. 1756 жылы шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты деген аңыз да бар. Өтеген батыр — ел арасында аңызға айналған адам. Оны алғаш жырлаған Сүйінбайдың бабасы Күсен ақын. Өтеген батыр жайында тарихи дерек жинаған тарихшы Делебаевтың материалына қарағанда, Тілеміс, Майкөт ақындар да батырды дастан етіп жырлаған екен. Бұлардың ішінде бізге жеткені — Жамбылдың «Өтеген батыр» дастаны. Кенен Әзірбаев пен Делебаев дерегіне қарағанда, Өтеген батырдан — Тарпаң, одан Бименбет — Толымбек — Жолдасбай. Соңғы ұрпағы Жолдасбай 1956 жылы Жамбыл облысы, Красногор ауданы, «Кеңес» колхозында тұрған. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздар жинауға әдебиетшілер Е. Ысмайылов, Қ. Тұрғанбаев, Н. С. Смирнова, С. Бегалиндер қатысқан. Алматы облысының Бозой мен Қарой аралығында Өтеген батыр есімімен аталатын жерлер бар.

 

 

Халық аңыздарында Өтегеннің жүрегінде түк бар екендігі туралы айтылады. Бұл тектен тек емес. Енді бір аңыздарда Өтеген туғанда оның маңдайында қос мүйіз болған екен деседі жұрт. Біз білетін Шығыс, Азия тарихына қатысты әдеби туындыларда ондай мүйізді асыл тек Ескендір Зұлқарнайын ғана. Қазақ батырлары шежіресінде мұндай нысаналы бейне жалғыз Өтеген батыр.

 

 

Ел аузындағы әңгімелер мен ақындардың жыр-дастандарында көрініс тапқан аңыз желілерінде Өтеген батырдың әкесі Өтеғұл батырдың ержеткен он екі ұлы бірдей оба ауруынан қайтыс болады. Бұл шақта Өтеғұлдың жасы елуге келген екен. Он екі ұлдың қайғысы батырға қатты батады. Жер ортасы жасқа келгенде он екі ұлдан бірдей айрылған батыр басын жерден көтере алмай, көз жасын бұлай береді. Өтеғұлдың жақсылығын көрген, оны пана тұтып, жан сақтаған жұрт батырмен бірге қайғырып, соның тілеуін тілейді құдайдан. Сөйтіп жүргенде Өтеғұл түс көреді. Түсінде батырға бір ақсақалды, сары тісті қария келіп былай дейді:

— Өтеғұл, егіліп жылай бермей, көз жасыңды тый! Қолыңды жай, батамды берейін, — дейді. Батыр көзінің жасын тиып, қариядан бата сұрайды. Сонда ақ сақалды қария былай деп бата берген екен:

— Құдай тілеуіңді берді, он екі ұлға татитын ұл көресің!

Осыдан кейін Өтеғұл кіші әйелі Нұрбаладан бір ұл көреді. Баланың шілдеханасында жаныс жұртының ақсақалы тоқсандағы Жанысбай қария Өтеғұлға: «Батырым, өлгендерің өтелді, баланың аты Өтеген болсын!» — деп атын Өтеген қойдырыпты.