Талантты және дарынды балаларды оқыту: Диалогтық оқыту

108

«Талантты және дарынды балаларды оқыту: Диалогтық оқыту» тақырыбы бойынша  қысқа мерзімді коучинг  жоспары

 

30.04.2014

 

4 апта 1-сабақ

3-күн

Сабақ тақырыбы: Талантты және дарынды балаларды оқыту: Диалогтық оқыту

 

Жалпы мақсат: Практикалық тапсырмалар беру арқылы диалог түрінде оқыту дағдысын қалыптастыру, сабақта тиімді пайдалануына ықпал жасау.

 

Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Үлестірмелі материалдар.

 

 Оқу нәтижесі Оқу үрдісінде диалогтық оқытуды қолданудың маңызын түсінеді;

Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады;

Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.

 

Түйінді идеялар: Диалогтық оқыту жолдары арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.

 

Сабақта қолданылатын материалдар:

 

 А-4 парақтары,стикер, смайликтер,интерактивтітақта, флипчарт, маркер, қалам.
Оқыту әдістері: 1.Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

2. Оқыту мен оқытудағы АКТ

3. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

 

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс

 

 

Дерек көздері: Әдеби материалдар, газет-журналдар.

 

Тапсырмалар: Сұрақ- жауап, бейнефильм бойынша ой қорыту, логикалық тапсырма, шығырмашылық-ізденіс бағытындағы тапсырмалар.

 

Оқуға арналған тапсырма: Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

 

 

Сессия бойынша коучпен мұғалімдердің іс-әрекеті:

 

І.Топқа бөлу

 

Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
(3 мин)

 

 

 

 «Шашу шашу» арқылы алынған конфеттің түсіне қарай шағын топқа бөлу. Шашудан конфет ала отырып, түстеріне қарай төрт топқа бөлінеді.
Көңіл-күйлерін бағалау

3 мин

Коучинг сессия басындағы көңіл-күйлерін стикер қағаздарға смайлик арқылы белгілеулерін және  өзі отырған үстелдің астына жапсыруларын өтіну

 

Стикер қағаздарына көңіл күйлерін смайлик арқылы белгілеп, өзі отырған үстелдің астына жапсырады
Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

(8мин)

 

 

«Бос ыдысты» толтыру тренингі.

Мұғалімдердің алдына бос ыдыс, тас, ұсақ тастар, су, құм қоямын да, ыдысты бұл заттармен толтыру үшін қай ретімен салу керектігін сұраймын.

 

Қорытынды да:

Ең алдымен, тас-өміріміздің ең маңыздысы отан, отбасы, ата-ана, бала-шаға амандығы;

Ұсақ тас- жеке басымызға тілейтін армандар;

Құм-бізді бақытты ететін қуанышты сәттер;

Су-тіршілік көзі болғандықтан, ұзақ ғұмыр. Толық ыдыс — өміріміз, мәнді де сәнді, тіпті бүгінгі коучинг сессиямыздың да сәтті өтуіне тілекші болсын.

(қол шапалақтау арқылы бағалау).

 

Топ болып ақылдасып, шағын диалогқа түсіп, ой тұжырымдарын білдіреді. Топтар бір-бірін қол шапалақтау арқылы бағалайды.
І тапсырма

«Миға шабуыл»

3мин

«Егіздер» бейнефильмін тамашалауға шақыру, ойларын тыңдау.

 

Бейнефильмді көреді, ой қорытады.
ІІ тапсырма

«Мәтінмен жұмыс»

10 мин

 

 

 

1-топ. Диалогтық оқыту.

2-топ. Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесудің түрлері.

3-топ. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақ қоюдың маңызы.

4-топ. Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру.

 

Мәтінмен танысады, топта талқылайды.

 

ІІІ тапсырма

«Негізгі идеяны табу»

10 минут

 

Қорғауға әр топқа

2 минут

Мәтін бойынша негізгі  идеяларды флипчартқа түсірге,  постер қорғауға шақыру. («Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау) Мәтіндегі негізгі идеяларды флипчартқа түсіреді, постер қорғайды. Сағат бойы бағытымен топтар бір-бірінің жұмысын «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

 

Сергіту сәті

 

(5 минут)

Краокемен»

«Жан досым» әнін орындау

«Жан досым» әнін бәрі караокемен орындарынан тұрып, қол ұстасып тұрып орындайды.

 

V тапсырма

(10+10 минут)

 

 

Әңгіме түрін қорғауға әр топқа 2-2,5 минут уақыт

 

Жасырын берілген әңгіме түрілеріне диалогтық әңгіме(рөлдік ойын) құрастыруға шақыру. Әңгімелесудің үш түрінің белгіленген түріне сәйкес диалогтық әңгіме немесе рөлдік ойын құрастыру
VІ тапсырма

(10 минут)

Топтастыру «Диалогтық оқыту арқылы неге қол жеткізуге болады?» Ашық сұраққа топпен жауап іздейді, ортақ ой түйіндейді, ортақ пікірге келеді.

 

VІІ.Көңіл-күйін бағалау

(3 мин)

 

Сабақтың бастапқа кезеңінде  өз көңіл күйлерін  бейнелеген стикердің артына сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін смайлик  арқылы бейнелеу тапсырылады.

 

Сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін смайлик  арқылы бейнелеп, тапсырады.
VІІІ. Рефлексия

                 (7 мин)

Өзіңнің жұлдызыңды тап.  Музыка ырғағында мәтінді оқу, берілген жұлдыздарға сабақ жайлы ойларын жазғызу.

 

Оқылған мәтінді көздерін жұмып отырып тыңдайды, өз жұлдыздарын алып, сабақ жайлы пікірлерін жазады.