Түбір мен туынды сөз

60

Тақырыбы: Түбір мен туынды сөз. (қайталау)

Мақсаты:

Білімділік. Түбір мне қосымша жайлы алған білімдерін жинақтау, пысықтау.

Дамытушылық. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. Шығармашылық жұмыс түрі арқылы белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Әдептілікке, қайырымдылыққа, таза, әдемі жазуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Қайталау сабағы.

Әдіс тәсіл: Сұрақ-жауап, ойын, ой қорғау.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сынып даярлығын тексеру, оқушыларды түгендеу

Психологиялық дайындық. Мнемотәсіл технологиясы.

Аппақ, аппақ қар аппақ,

Қар жамылған, дала аппақ.

Қырау, қырау тал аппақ

Айналаның бәрі аппақ.

  • Балалар мына өлең қай жыл мезгіліне байланысты?
  • Ендеше барлығымыз жұмыс дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді жазып Қ қ әрпін көркем жазу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйшік           күшік

ІІІ. Балалар өткен сабақта қандай тақырып өттіңдер. Ендеше өткен тақырыпқа пысықтау мақсатында «Тақия» ойынын ойнаймыз.

Сөз дегеніміз не?

Түбір сөз дегеніміз не?

Туынды сөз дегеніміз не?

Қосымшалар нешеге бөлінеді?

Жұрнақ дегенімі не?

Жалғау дегеніміз не?

ІҮ. Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу 9- бет.

 

Ішіне, сыртына стратегиясы бойынша орындау

зергер

 

он
айран

 

 

 

 

 

 

Ү. Жұппен жұмыс. Балалар мен сендерге түбір мен қосымшалар таратып беремін, соларды пайдаланып, туынды сөз шығарыңдар.

Мысалы: жапырақ+сыз=жапырақсыз

ҮІ. Сергіту сәті.

Ла, ла, ла,

Ұшып келді шағала,

Шы, шы, шы,

Біз тәртіпті оқушы.

Ші, ші, ші,

Менің әкем етікші.

Лар, лар, лар,

Біз үлгілі балалар.

ҮІІ. «Балық аулау» ойыны. Берілген қосымшалар арқылы туынды сөздер құру.

 

ҮІІІ. Шығармашылық жұмыс. Қыс тақырыбына байланысты берілген туынды сөздермен 4-5 сөйлемнен тұратын мәтін құру. Олар мыналар: ызғарлы, аязды, көңілді, боранды, қалашық.

 

ІХ. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Х.  Үйге тапсырма. Білім деңгейіне байланысты беріледі.

5-жаттығу, 3-жаттығу 10 бет

 

ХІ. Шығару парағын тексеру.

Білемін Білдім Білгім келеді

 

ХІІ. Бағалау.

Бағалау парағы бойынша

 

 

Аты-жөні

Үй тапсырмасы Өткен тақырып Тақия ойыны 1-жаттығу Туынды сөз жасау Балық аулау Шығармашылық жұмыс Орта бал баға
1
2
3
4
5
6
7

Бағалау критерийлері

10-15 бал «3»

16-20 бал «4»

21-25 бал «5»