Оқушылардың білім сапасын арттырудағы сынып жетекшісінің ролі

176

 

Тақырыбы: Оқушылардың білім сапасын арттырудағы сынып жетекшісінің ролі
Мақсаты: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Әріптестер тобымен бірлесіп оқыту мен оқуда сынып жетекшілік қызметтің жауапкершілігі  туралы кәсіби пікір алмасу;

Күтілетін нәтижелер Коучинг соңында мұғалімдер:
1. Мұғалімдердің көңіл-күйі көтеріліп,

ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады

2.Өз жұмыстарын дамытуда өзгеріс жасау барысында ықпалы боларына сенімділік қалыптасады

3.Сынып жетекшілердің қарқынды жұмыс істеуіне ықпал ету, тәрбие жұмысының  тәжірибесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал етеді.

• Сынып  жетекшілердің   өзара  кәсіби жұмысқа деген көзқарасы өзгереді.

• Ата-аналармен, оқушылармен, пән мұғалімдерімен  тығыз қарым-қатынасты  жетілдіру үшін  тиімділігін қамтамасыз етуде әріптестерге көмек көрсетеді;

• Сынып жетекшілердің қызметтегі жауапкершілігі мен мектептің  дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс ұсынады

 

Қолданылатын ресурстар МАН, интернет ресурстары,бейне жазбалар
Көрнекі құрал — жабдықтар Флипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі – түсті маркерлер, қаламдар, суреттер, желім, қайшы, интербелсенді тақта, слайдтар
Коучингтың өту барысы Коучтың іс  -әрекеті Тыңдаушылардың іс — әрекеті
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

(5 мин)

«Жақыныңа тілек айт»

Мұғалімдерде жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін шаттық шеңбер жасауын өтінемін

1.Аудиторияда отырған адамдарға ақ параққа алақанның суретін салып, өзіне жақын 5 адамның есімін әрбір саусаққа жазып шығуын өтінеді. Онан соң бас бармаққа жазылған адаммен қол алысып амандасып , бір-біріне тілек айтады.

 

Топқа бөлу

(5 мин)

2.Топқа  бөлу. Әр қатысушының жеке заттары арқылы топқа бөлу Сыныптағы  тыңдаушылар топқа бөлініп отырады. Стикерлерге ұсыныстарын білдіру.
2. Ой қозғау. Қызығушылығын ояту.

 

1.Коучингке қатысушыларға

«Класс жетекші» сөзіне  ассоциация құру

Ықпал ету әсерін түсіне отырып, өз оқушыларының жеке қасиеттерін анықтайды

 

 

 

 

Миға шабуыл

(10мин)

 

• Сынып жетекшінің  апталық циклограммасына, бір ай бойы атқаратын  міндеті мен қызметіне  не жатады?

• Сынып жетекшілік қызметтің  жауапкершілігін қалай түсінесіздер?

• Сынып  оқушыларының  дамуына қандай тәрбие әдістерін қолданасыз?

 

Мәтіндерде жазылған материалдармен танысады,  ойларын толықтырады,

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

(3 мин)

Бірлесіп билейік!   «Көңілді күн» Қатысушылар сергіту сатін жасап сергиді, бірлескен іс – әрекет жасайды
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

(25 мин)

 

Сынып жетекшісі кім?, қандай болуы керек?

Қатысушылар өз ойларын түйіндейді.

Сынып  жетекшілер жеке, жұппен,топпен ойларын постерге түсіреді.

 

Топ көшбасшылары шығып өз тобының негізгі идеяларымен алмасады.

 

 

5мин Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазу. Стикерлерге ұсыныстарын білдіру.

Әркім өз пікірін жазады

Рефлексия

5 мин

Қорытындылау

Құрметті әріптестер біз сіздермен ойлана отырып ойлауды және топ бойынша бірлескен түрде ынтымақтастықта жұмыс жасадық. Топта бір – бірімізге сенім  білдіріп әңгімелесудің түрлерін тоқталдық деп ойлаймын. Бүгінгі сессиямызға келіп  оз ойларыңызды білдіргендеріңіз үшін көп рахмет!

Сабақтарыңызда осы әдіс – тәсілдерді пайдаланып , дұрыс жоспар жасай отырып,биік жетістіктерге жете беріңіздер!

 

Смайликтер

Кері байланыс.

1.      Коучинг сессия бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?

2.      Жаңа тақырып бойынша өзінізге керекті мәліметті таптыңыз ба?

3.      Бүгінгі үйренгеніңіз болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?