Сабақтың тақырыбы: Lesson study – дің рөлі мен маңыздылығы

 

Өткізген :Қайдарова Алмагүл Тұрсынбаевна

Көкшетау қаласындағы  №6 орта мектебінің І деңгей мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:   Lesson study – дің    рөлі  мен маңыздылығы  
Жалпы мақсаты: Lesson study   туралы түсінік толықтырады. Оның сабақ жүйесінде қолданудың тиімділгі мен маңыздылығын аша біледі.. Lesson study   әдісін игеру арқылы келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасайды.

 

Оқу нәтижелері: Мектеп ұстаздары Lesson study –ді  әріптестерімен бірлесіп жоспарлайды, талқылайды және іске асырады
Түйінді идеялар: Бірнеше бағдарламалық жоспардың ұсынылуы оқиғалар әртүрлі дамуы мүмкін екендігін білдіреді. Келешек мектебінің бағдарламалық жоспары – белгілі бір даму жолдарының болжамды соңғы нәтижелерін көрсететін, «нәтижеге бағдарланған» болашақтың суреттері. Осындай нәтижелер жаңа болашаққа бастаған іс бола отырып, жаңа әзірлемелерге негіз, бастау бола алады. Қомақты экономикалық немесе әлеуметтік бағдарламалық жоспарға емес, білімге басты назар аударылуының себебі мұғалімдерге өздеріне таныс айнымалыларды пайдаланатын құралдарды ұсыну болып табылады.
Көрнекіліктер:Интерактивті тақта, слайдтар, кеспелер, маркерлер, постерлер.
Ой сергек:

5- 7 минут

1.Сергіту сәті.` «Ой-қиял»  атты тренингі.
Топқа бөлу: «Атомдар мен молекулалар»  ойыны бойынша топқа бөлеміз.
Жеке жұмыс«Оқушының суреті» топта отырға әріптестеріме оқушының суретін салуларын өтінеміз.

Салынған сурет бойынша оқушының қандай адам екені бойынша түсінік береміз. Слайд арқылы көрсетіледі.

Топпен жұмыс

10-15 минут

«Лессон стади-дің рөлі мен маңыздылығы» постерге ойларын жазады немесе схема түрінде құрайды.
Жұмыстарын қорғайды .

Әр топ 5 мин.

Топ мүшелері кезектесіп қорғайды.

Ойларымен  бөліседі,ортаға ой салады.

Слайдпен жұмыс

5-минут

«Лессон  стади»  слайды бойынша түсінік беріледі. Топ мүшелерінің ойларын қорытындылаймыз.
«Алты шляпа» әдісі

15-20 минут

Топта өз ойларын шляпа түсіне байланысты жүйелеп айтады.

Түсініктеме:

 

 

 

 

 

 

 

 

 Үлестірмелі кестелерді таратамыз

 

•         Мысалы: бір тақырып көлемінде жоспар құру, сыныпты анықтау,3 оқушыны анықтау, 1 мұғалім А оқушыны қадағалайды.2 мұғалім Б оқушыны қадағалайды.3 мұғалім С оқушыны бақылайды. Соңынан сол оқушылармен әңгімелесу. Мұғалімдер жиналып қорытынды шығару. Өз жұмыстарын қорытындылау, толықтырулар енгізу.

•         Ескеру: Мұғалімнің іс әрекетін бақылау емес. Оқушыға көмек көрсету.

Рефлексия

6 мин

Бүгінгі өткен коучинг бойынша өз ойларыңызды білдіріңіздер.

 

1. Сіздің бүгінгі коучинг-сабақтан алған әсеріңіз?

 

2. Ұтымды жақтарын атаңыз?

 

 

3. Қай тапсырма түрі сізді қанағаттандырмады?

 

4. Келесі коучинг сабақта қандай мәселелерді  қозғағанды қалайсыз?

5. Ұйымдастырушыларға  ұсыныстарыңыз бен тілектеріңіз?